«Тәрбиедегі тәжірибе: әдістемелік навигатор, заманауи трендтер» тақырыбымен аудандық семинар-практикум

Құрманғазы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Облыстық «Тәрбие тамыршылары» жобасы және аудандық «30 жаңа идея» fondom жобалық кешенді іс шаралар жоспарына сай, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде сынып жетекшілер кәсіби дамуына, өзін өзі жетілдіруіне ықпал ету және кәсіби қолдау көрсету мен сыныппен жұмысты жаңа заманауи үлгідегі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыру мақсатында Ә.Сәрсенбаев атындағы жапы орта мектебі базасында аудан мектептерінің тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілері үшін «Тәрбиедегі тәжірибе: әдістемелік навигатор, заманауи трендтер» тақырыбымен аудандық семинар- практикум өтті.

Аудандық шара Ә.Сәрсенбаев атындағы жапы орта мектебінің тәрбие орынбасары С.Мусағалиеваның «тиімді сәттер» тренингінен бастау алып, «Құндылыққа негізделген тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жүргізілген жұмыстар топтамасынан» тәжірибе бөліссе, осы мектептің 4-ші сынып жетекшісі Н.Кенжеғалиеваның «Адамның асыл қасиеттері» тақырыбында сынып сағатымен жалғасты. Сынып сағатының әдісі комикстер шеруі әдісімен жүргізіліп, сынп сағатының кезеңдерінен үзінді ретінде ұлттық құндылықтар көрініс тапқан практикалық жұмыс жүргізілді.

Келесі кезекте Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие орынбасары М.Магзомова «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру. Тәжірибе және перспектива» тақырыбында орта буын оқушыларымен жүргізілетін жұмыс жобасы ұсынылып, сынып жетекшісі Бргалиева Гүлдана Ринатавнаның «Әке отбасы тірегі» тақырыбында әкелер мектебі жұмысынан тренингпен жалғасты.

Сонымен бірге, Абай атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қайсағалиева «Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелер тұғыр» тақырыбымен мектептегі тәрбие жұмысын табысты ету үшін түрлі жобалармен жұмыс жасаудың әдіс тәсілдерін ұсынып, ал сынып жетекшісі Н.Аққалиеваның оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, «Көңілді үзіліс» жобасын ұсынып, қоңырау уақытындағы жұмыстарды тәжірибе алаңында ортаға салып, аптаның бес оқу күнініне арналған жаңаша шараларды ұйымдастыру жоспарының тізбегін ұсынды.

Семинар-практикум соңында Ф.Оңғарсынова мектебінің тәрбие орынбасары Хасанова Динара сынып жетекшілермен тиімді жұмысты ұйымдастырудағы өзіндік жұмыс тәжірибесін ортаға салып, осы жұмыста «PADLET» тақтасын қолданудың ұтымды тұстарын көрсетті.

Семинар-практикум қортындысымен, Абай атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қайсағалиеваның «Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелер тұғыр» тақырыбындағы және осы мектептің сынып жетекші Н.Аққалиеваның «Көңілді үзіліс» тақырыбындағы жобалық іс тәжірибелері аудан көлемінде таратылуы ұсынылды.

#kurm_jetekshi_time

#jtetekhi _ time

#Kurm_БТБ_әдістеме23-24

#Kurm_БТБ_ jetekshi_time23-24