Баяров Едил Гарипович
Өмірбаян
Баяров Едил Гарипович 1963 жылы 6 сәуірде Морской селолық кеңесінде дүниеге келді. 1970 - 1980 жылдары К.Маркс орта мектебінде оқып білім алдым. 1980 - 1985 жылдары Атырау педагогика институтының физика - математика факультетінде оқып, математика, физика мамандығын алып шықты.
2013 - 2015 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану факультетін құқық бакалавры мамандығы бойынша білім алды.
1985 - 1986 оқу жылында Чапаев орта мектебінде физика пәні мұғалімі, 1986 жылдан бастап Еңбекші орта мектебінде физика, математика, информатика пәндері бойынша оқушыларға дәріс берді. 10.07.2001 - 27.11.2003 жылдары Еңбекші орта мектебі директоры, 27.11.2003 - 09.08.2005 жылдары тәрбие ісі меңгерушісі, 09.08.2005 жылдан бастап оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылдың 7 қазанынан бастап аудандық білім беру бөлімінің әдіскері.
07.09.2015 жылдан бастап 02.01.2019 жылға дейін аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
03.01.2019 жылдан бастап 25.12.2023 жылға дейін аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс жасады.
26.12.2023 жылдан бастап бөлім басшысы қызметіне тағайындалды.
Жанұялы, бес балам бар.
2009 жылы Құрманғазы ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, 2014 жылы облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html#sigFreeId013eb9daf1