Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі аудандық білім бөлімі
басшысының бұйрығы негізінде дарынды оқушылармен жұмысты дамыту
бағытындағы тірек мектебі болып бекітілген болатын. 2023-2024 оқу жылына
арналған жұмыс жоспарына сай 18.10.2023 күні «Дарынды оқушыларды
анықтаудың психодиагностикалық зерттеу әдістері» тақырыбында өткен
тәжірибе алмасу семинарына мектептерден 24 педагог-психолог қатысты.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің психологтары Г.Ғалымқызы
семинар жұмысына қатысушыларға «Қағазды оркестр» әдісі негізінде
жағымды көңіл-күй орнатудан бастады. А.Сағындыққызы «Оқушылардың
жеке дарындылық ерекшеліктерін анықтаудағы тиімді тәжірибемнен»
тақырыбында «Форсайт» әдісі арқылы әр бала бойындағы қабілеттерді
анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстардан жол картасын жасақтап,
зерттеу жұмыстарын жүргізу және қорытындылау тәжірибесін ортаға салды.
Семинар жұмысының екінші бөлімінде «Дарынды балаларды дамыту мен
қолдау мәселесінің өзектілігі» тақырыбында Қиғаш жалпы орта мектебінің
психологы Т.Серікқызы тәжірибесінде кеңінен қолданып, өзіндік нәтиже
берген тиімді жаттығуларымен бөліссе, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта
мектебінің психологы Б. Сүйіндікқызы семинарға қатысушылармен түрлі
арттерапиялық
тапсырмаларды
орындай
отырып,
оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытушы әдістерге талдау жасады. Дарынды
балаларды анықтау және олардың қабілеттеріне қарай қолдау жұмыстарын
ұйымдастыру мақсатын көздеген семинар жұмысында мектеп психологтары
тиімді тәжірибелермен алмасты.