Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Geographic Qazaqstan»
журналы редакциясының қолдауымен жалпы білім беретін мектептердің 7-8
сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты географиялық білімнің, дағдылардың және
географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып,
оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне 7-сыныптан 21 оқушы, 8-сыныптар
бойынша 22 оқушы қатысты.
Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңіне 7- сыныпқа 2 оқушы, 8- ші
сыныпқа 2 оқушы жолдама алды. Облыстық Ұлттық олимпиаданың
қорытындысында Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып
оқушысы Сатхан Нурмахан 2-орынды, жетекшісі А.Аюпова, Н.Манаев
атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амантай Нұрлы 3-
орынды иеленді. Жетекшісі Р.Таңсықбаева. Жетістіктер құтты болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/368-leumettik-zhelige-a-parat.html#sigFreeId5fee20d7e4
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/368-leumettik-zhelige-a-parat.html#sigFreeId5fee20d7e4