Тірек мектебінде өткен тәжірибелік сабақтар

Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі ауданымызда «Ауылдық жердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы негізінде инновациялық ресурстармен жабдықталған тірек мектебі.

2023 жылдың 12-17 қазан аралығында С.Мұқанов, Ж.Нажімеденов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Уәлиханов, Ф.Оңғарсынова, А.Иманов, С.Имашев, И.Панфилов атындағы орта мектептердің 8-9-сынып оқушыларымен  химия пәнінен  тәжірибелік сабақтар өтті. Сабақ барысында оқушылар «Электрохимия және Vernier» құрылғысын пайдалана отырып, эксперименттік жұмыстар жасады. Химия пәнінен өткен тәжірибелік  сабақтың мақсаты: «Ерітінділердің қасиеттері, электролиттер және бейэлектролиттер, ерітінділердің қышқылдық, сілтілік, бейтарап ортасын анықтау»

Химия пәнінің мұғалімі Г.Есмағанбетова  мен магниттік мектептің химия пәні мұғалімдері бірлесе жоспарлаған сабақтарында оқушылардың белсенділігі жоғары дәрежеде болды.

Тірек мектебінде өтетін келесі тәжірибелік  сабақтар 2023 жылдың желтоқсан айында 2-4 сыныптағы жаратылыстану пәнінен жалғасын табады.  

2023-2024 оқу жылында магниттік мектептердің оқушылары физика, химия, биология, информатика, бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнінен зертханалық, тәжірибелік сабақтарын  бекітілген кесте бойынша өтуде.

Тірек мектебінің магниттік мектептермен   жұмысы  жалғасуда. Басты мақсат білім берудің жаңаша платформалары мен заманауи оқыту ресурстары арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.

#Tirek_мектебі