2023 жылдың 11 қазаны күні  облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Өзіңнің ең үздік нұсқаң бол!» тақырыбындағы дәстүрлі жас ұстаздар форумы Құрманғазы ауданында өтті.

Форум мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас педагогтарды анықтау , кәсіби дамуына жәрдемдесу, мәртебесін көтеру, ұлықтау.

Форум бағдарламасына сай жоспарланған жұмыстар жас педагогтер үшін ұтымды, өзінің ең үздік жолын ұсынған тәжірибеге негізделіп өткізілді.

Облыс бойынша форумға қатысқан жас педагогтер форум барысында ұйымдастырылған жоспарлы жұмыстардан  шығармашылық жолға бастама мен ұстаздық қызметтеріне серпін ала алды.