Тамыз кеңесі аясында панельдік сессия жұмыстары ұйымдастырылды.

«САПАЛЫ БІЛІМ: МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ, БАҒАЛАУ, ЗЕРТТЕУ, ҚОЛДАУ» тақырыбында мектеп директорларының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары диалогтік алаңда бас қосты.

Жұмыс барысында сөз алған спикерлер білім сапасын жетілдіруде мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, орынбасардың кәсіби дамуын жоспарлау, зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

”Мектепішілік бақылауды жоспарлаудағы ерекшеліктер”Т.М.Бахтыгереева әдістемелік кабинет меңгерушісі

”Мақсат-құрал-әдіс-нәтиже” формуласы мектепішілік бақылаудың тиімді көрсеткіші. Ж. Абдығалиева Ф.Оңғарсынова атындағы ЖОМ директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

”Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына әдістемелік қолдау арқылы іс-әрекеттегі зерттеулерін дамыту” Э.Карасаева Д.Нүрпейісова атындағы ЖОМ директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Пікіралмасу бөлімінде оқу орынбасарлары:

Білім сапасын арттырудағы оқу орынбасарының рөлі

Сапалы мектепішілік бақылау- сапалы білім.

Мектепішілік бақылаудағы қолдау жұмыстары тақырыбы бойынша өзара талқылау, пікіралмасумен жалғасты.

Панельдік сессияның қорытынды бөлімінде білім сапасын жетілдіру бағытында ұсыным қабылданды.