Ауданымыздың білім саласы тағы да үздіктер қатарында!
Биыл - табысты жыл
Жыл сайын ауданымыздың білім саласында қарқынды даму, табысқа жету жалғасып келеді. Бұл үрдіс жалғасын тауып, өткен 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен ауданымыз тағы да табысты жыл болып ерекшеленуде.
Оның дәлелі ретінде бүгінгі күні өткен облыстық білім беру басқармасы мен «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген тамыз кеңесінде ауданымыз мамандандырылған сайыстар бойынша қала мен аудан мектептері арасында көрсеткен үздік нәтижесі үшін І орынмен «Ең үздік команда-2023» атағымен, жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсында қала мен аудан мектептері арасында көрсеткен үздік нәтижесі үшін ІІ орынмен «Ең үздік команда-2023» атағымен, зияткерлік олимпиадалар бойынша қала мен аудан мектептері арасында көрсеткен үздік нәтижесі үшін ІІІ орынмен «Ең үздік олимпиадалық команда» атағымен марапатталып, үлкен табысқа жетті. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен облыстық көрсеткіште ауданымыздың тәрбие саласы мен спорт саласы да І орынның тұғырында.
Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш, зор мерей. Бірлескен іс-әрекет, тиімді оқыту үдерісі, көшбасшылар ізденісі,ұстаз шығармашылығы, ата- ана қолдауы белсенді түрде жүзеге асқан жағдайда ғана өнімді жұмыс болатынын осындай іс-әрекеттер дәлелдеп-ақ тұр.
Табысты күндеріміз көп болғай!
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/359-audanymyzdy-bilim-salasy-ta-y-da-zdikter-atarynda.html#sigFreeIda7ec34fb46