2023 жыл 27-28 қыркүйек. Мектепішілік бақылауды сапалы ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында мектептерде әдістемелік қолдау күні ұйымдастырылды. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің үйлестіру тобы М.Әуезов атындағы, Ә.Сәрсенбаев атындағы, Ю.Гагарин атындағы және Еңбекші жалпы орта мектептерінде болып, мектептің жұмысшы тобымен кездесті. Мектепішілік бақылаудың 6 бағыты:
- Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
- Оқу процесінің сапасын бақылау;
- Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау;
- Оқу-зерттеу қызметі;
- Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
- Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау бойынша өзекті тақырыптарды талқылап, жұмыстың сапасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен кеңестер берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/358-distemelik-k-n.html#sigFreeId5a52634177
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/358-distemelik-k-n.html#sigFreeId5a52634177