«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЖҰЛДЫЗ-АЙ»БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ.ЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
І. Кіріспе
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз-ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны балабақша меңгерушісі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын мектепке дейінгі білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 1 балабақша меңгерушісі, 1 әдіскер, 3 тәрбиеші, 1 психолог маман, 1 ағылшын тілі пәні мұғалімі, 1 орыс тілі пәні мұғалім,11 техникалық қызметкер (1 көмекші тәрбиеші, 1 медбике, 1 есепші, 1 шаруашылық меңгерушісі, 1 аспазшы, 1 кір жуушы, 2 жұмысшы, 3 қарауылшық) барлығы 19 қызметкер жұмыс істейді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Балабақшада сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз-ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы, Бірінші мамыр көшесі 32А үй, тел.: 8(71233)3-12-99 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:
Басталды: 09 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 11 қаңтар 2020 жыл.
- Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Балабақша бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2018 жылдың 25 желтоқсан күнгі №___ санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылды.
1) 2019 жылы балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: барлығы _____бұйрық берілген.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
4) Балабақша меңгерушісінің табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы үнемі бақылауда.
Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Балабақша қызметшілерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.
Балабақша қызметкерлеріне 2019 жылдың 12 айында тәртіптік жаза берілген жоқ. Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда.
5) Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.
2019 жылдың 12 айында: ыдыс жуу құралдарын сатып алуға 40 000 тенге, шаруашылық заттарды сатып алуға 115 000 теңге, ойыншықтар сатып алуға 70 000 теңге, канцеляриялық тауар сатып алуға 145 000 тенге қаржы бөлінді.
Балабақшаға 2019 жылдың 12 айында барлығы 7 өтініш түсті. Оның 7-і де қанағаттандырылды.
Балабақшаның дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Балабақша ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Балабақшаның сенім телефоны ретінде 3-12-99 нөмірі бекітілген.
ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :
1) Балабақшаның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: А.Б.Сахбалиева- балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)3-12-99.
Балабақша қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
ІІІ. Қортынды:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз-ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- _________А.Сахбалиева– балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі
- _________А.Серикбаева – балабақша әдіскері, жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
- ____________ Р.Харесова – көмекші тәрбиеші,
- ____________ Р.Доскалиева- балабақша медбикесі,
- ____________ К.Ажгалиева- шаруашылық меңгерушісі