«Атырау облысының Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекеме сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
АНЫҚТАМАСЫ
І.Кіріспе
«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 32 қызметкер жұмыс істейді.
«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 33 үйірмеде 13 спорттық туризм, 10 өлкетану және 10 экология үйірмелерге 495 оқушы қатысады.
ІІ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ басшысының 2020 жылғы қаңтардағы № 3 бұйрығымен «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Қызметтің талданатын мерзімі - 2019 жылғы 3 қаңтар мен 30 желтоқсан.
Талдау кезеңі - 2020 жылғы 9 қаңтардан 19 қаңтарға дейін 10 күнтізбелік күн.
ІІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Ү Заңы басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі №908 санды бұйрығын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мекемеде іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар мектепішілік барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге таратылып, жүзеге асырылуда.
1) 2019 жылдың он екі айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: - жоқ ,бұйрық берілгені жоқ. Құқтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекеменің бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. Мекемеде бұдан басқа авторлық жоба жоқ, авторлық бағдарлама жоқ. 2019 жылғы 26 наурыз айында мекеме жарғысы жаңадан бекітілді.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ. Мекеме басшының туысқандары материалдық жауапкершілікті жұмыстарда емес.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. келісімшарт бойынша 2019 жылы 9 қазан айыннан бастап 1 экология бөлім меңгерушісі Тлеугалиев Д. мекемеде жұмыс жасаған шаруашылық меңгерушісі Химатов Т. денсаулыңына байланысты өз өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылып 2019 жылдың 4 қарашасынан бастап Ажгулова А жұмысқа қабылданды.
Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару кезінде директор Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ЗРК Еңбек кодексін, сондай-ақ мектептің ұжымдық шартын қатаң басшылыққа алады. Еңбек кодексіндегі бұзушылықтар анықталған жоқ Жыл ішінде: 1 маман, 1- шаруашылық меңгерушісі жұмысқа алынды.
Мекемеде мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қортындысы жинақталып отырылады.
Қаржылық құжыттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі қатаң сақталады.
Қызметкерлерді біліктілігін арттырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес және ұзақ мерзімді аттестаттау жоспарлары және қайта даярлау курстарымен реттеледі. Талдау барысында әкімшілік айыппұлдар анықталмады.
Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған қаржы 23 830 000 теңге, игерілгені 23 830 000 теңге. Игерілу пайызы 100%
Оның ішінде жалақы 14859000, өтемақы төлемдері 1028000, басқа резервтерді алу 1736000, әлеуметтік. шегерімдер 592000, әлеуметтік салық 1210000, әлеуметтік. сақтандыру 241000, басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу 828000, байланыс қызметтеріне ақы төлеу 222000, іссапарлар мен іссапарлар 1530000, басқа ағымдағы шығындар 583000, құралдарды сатып алу 1001000.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру тәртібін өз бетінше анықтау, нормативті-құқықтық актіні қалай орындау керектігін анықтау, екі немесе одан да көп шешімнің (оң немесе теріс) нұсқаларын, шарттарын көрсетусіз таңдау құқығымен байланысты лауазымды тұлға жасаған бұзушылықтар шешім қабылдау қабылданбаған.
Алушының қызметтерін алуға жүгінген кезде қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімі стандартқа сәйкес келеді.
5) Мекемеде 2019 жылы жеке тұлғадан түскен өтініш түскен жоқ және заңды тұлғалардан өтініш-арыздар түскен жоқ. Уақыты бұзылған өтініштер жоқ.
6) Мекемеде «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы ортақ күрес, бәріміздің міндетіміз» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Жыл ішінде 2 рет материалдары өзгертіліп тұрады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу. Патриотизм,отан үшін мақтаныш,қоғамдық тәртіпке құрмет. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық саныны қалыптастыру.
Жоспарға сай жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы: қазан айында ата-аналармен жұмыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға,оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі көрсетілді; Үйірме оқушыларына «Қоғамдық тәртіп негіздері» «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?»атты пікірталастар ұйымдастылды; және акция өткізілді.
«Рухани – адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнінде мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыруда шаралар уақытылы өткізілуде.
Жыл ішінде өтілген шаралар мониторингісі:
Барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мерекелерде үйірме жетекшілеріне сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында банерлері мекеменің көрнекі жеріне ілінді. «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» , «Пара берсең жазаланасыз!» және «Параға емес,биікке ұмтыл!» және т.б. тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стенділеріне ілінді. Жыл ішінде таратылған жадынамалар саны:
Мекемеде жұртшылық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшылар тарапынан бақыланып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасының түсіндірілуі , насихаттау жұмыстарының барысы 2019 жылы 2 рет өтті, мекеме әкімшілігі жиналысында жиналысында талқыланып,қаралды.
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатанда мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты, халықты ақпараттандыру, мекемеде құқықтық оқулар мен жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі жетілдіруді қажет етеді.
Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
ІV. Қорытынды
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіру;
- Мекемеде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын үнемі бақылауға қою.
Ішкі талдауды жүргізгендер:
- А.Атаев – директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
- А.Гилаев – спорттық туризм бөлім меңгерушісі
- А.Рыскалиева - өлкетану бөлім меңгерушісі
Мекеме директоры А.Утегенов