«Атырау облысы Құрманғазы аудандық
білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдауы бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мониторинг
жүргізу кезіндегі талдамалық
АНЫҚТАМА
І. Кіріспе
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.
Мекеме «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүргізуді қамтамасыз етеді.
«Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 59 қызметкер жұмыс істейді.
«Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 44 үйірмеде 660 оқушы түрлі ұлттық ойындар, ғылыми-техникалық, көркемөнерлік-эстетикалық, компьютерлік графика және дизайн, тілдік, сәндік-қолданбалы өнер, өлкетану бағытындағы үйірмелерге қатысады.
ІІ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, мекен жайы мен байланыс мәлліметтері: Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосы , Испуллаев көшесі 59 үй, тел: 8(71233) 2-16-59 эл.пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:
Басталды:10 желтоқсан 2019 жыл, аяқталды: 12 желтоқсан 2019 жыл
- Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтар мен 2019 жылдың 15 желтоқсаны аралығы.
ІІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 6 желтоқсандағы №986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Ү Заңы басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі №908 санды бұйрығын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мекемеішілік іс шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.
1) 2019 жылдың он бір айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: - жоқ, бұйрық берілгені жоқ. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мектептің бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. Мекемеде бұдан басқа авторлық жоба жоқ, авторлық бағдарлама жоқ. 2018 жылғы 19 қазан айында мекеме жарғысы жаңадан бекітілді.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ. Мектеп басшының туысқандары материалдық жауапкершілікті жұмыстарда емес.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Жыл ішінде 2 маман және 2 техқызметкер жұмысқа қабылданды. Педагог-психолог А.Түсіпқалиева отбасымен Атырау қаласына қоныс аударуына байланысты өз өтінішіне сәйкес орнына К.Мендигазиева жұмысқа қабылданды. Бұқаралық бөлімнің меңгерушісі А.Абдуллаев өз өтінішіне сәйкес тұрғылықты жеріне жұмысқа ауысуына байланысты,орнына А.Евниенова жұмысқа қабылданды. Қарауылшы А.Джумабековтің денсаулығына байланысты өз өтінішіне сәйкес, жұмыстан босатылып, орнына М.Умаргалиев жұмысқа қабылданды. Қарауылшы С.Сундетовтің зейнеткерлік жасына шығуына байланысты орнына Т.Шаумуринов жұмысқа қабылданды.
«Сеніп тапсырылған мүлік иеленіп алу немесе талан-таражға салудың алдын-алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: Мекемеде мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қорытындысы жинақталып отырылады.
Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі қатаң сақталады.
Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылға жоспарланған қаржы 42 284 000 теңге, игерілгені 42 284 000 теңге. Игерілу пайызы 100% . Оның ішінде жалақы 27381000, өтемақы төлемдері 1776000, әлеуметтік аударылымдар 1127000, әлеуметтік салық 2180000, басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу 2569000, өзгеде қорлар сатып алу 1263000, байланыс қызметтеріне ақы төлеу 210000, іссапарлар мен қызметтік сапарлар 1800000, басқа ағымдағы шығындар 2709000, негізгі қорлар сатып алуға 435000.
4) Мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, 2019 жылғы 11 айлығында 4 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.
Мекемеде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 4 түсіндіру жұмысы жүргізілді.
5) Мекемеде 2019 жылы жеке тұлғадан өтініш түскен жоқ. Ал, заңды тұлғалардан өтініш-арыздар түскен жоқ. Уақыты бұзылған өтініштер жоқ.
6) Мекемеде «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Жыл ішінде 2 рет материалдары өзгертіліп тұрады.
Мысалы: қазан айында ата-аналармен жұмыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі көрсетілді; Үйірме оқушыларына «Қоғамдық тәртіп негіздері» «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» атты пікірталастар ұйымдастырылды.
Мекемелерде ақша жинауды болдырмау, мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Мекемеде «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» , «Пара берсең жазаланасыз!» және «Параға емес, биікке ұмтыл!» және т.б. тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стенділеріне ілінді.
№ |
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас–жемқорлыққа қарсы өткізген аудандық шаралары |
Өткізілген мерзімі |
Facebbok және т.б. интернет ресурсындағы парақшалар атауы мен жарияланған мерзімі, тақырыбы |
БАҚ-тың атауы,нөмері, жарияланған мерзімі тақырыбы |
1 |
«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты аудандық бейнероликтер байқауы |
6.02.2019 |
- |
- |
2 |
Аудан мектептерінің аға тәлімгерлерінің арасында «Авторлық жадынамалар» аудандық сырттай байқауы |
11.02.2019 |
- |
- |
3 |
«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» атты жобалар байқауы |
4.11.2019 |
- |
- |
Қосымша білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатанда мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты, халықты ақпараттандыру, мекемеде құқықтық оқулар мен жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі жетілдіруді қажет етеді.
Қосымша білім беру ұйымының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
ІV.Қорытынды:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіру;
- Мекемеде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын үнемі бақылауға қою.
Ішкі талдауды жүргізгендер:
1.А.Каржауова – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы;
2.А.Евниенова – әдістемелік бөлім меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы;
3.К.Мендигазиева – педагог- психолог;
4.М.Туебаева – лаборант;
5.Г.Жолжанова – мекеме хатшысы.
Мекеме директоры М.Шекетасова