Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылдың қаңтар  айына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Құрманғазы ауылы 06.01.2020 жыл

Жұмысшы топ тексеру жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері шегінде жүзеге асырады.

Тексеруші жұмысшы топ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген  « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2019 жылдың шілде-желтоқсан айларына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мектеп директорының 2018 жылғы 31 желтоқсан күнгі №157 санды бұйрығымен жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топтың құрамы:

  1. Мектеп директоры Боханова Милана -топ жетекшісі;
  2. Оқу ісі жұмысының орынбасары Хамзина Акмарал –мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына жауапты;
  3. Ата-аналар комитетінің төрайымы Кумарова Гүлден;
  4. Қамқоршылық кеңес құрамының төрайымы Кабдулхахова Орынша –топ мүшесі;
  5. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Нурлыбаева Айгүл –топ мүшесі;
  6. Мектептің бас есепшісі Елемесұлы Нұрлан –топ мүшесі;
  7. Іс қағаз жүргізуші Мусагалиева Насипханым –хатшы.
  1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.

Тексеру комиссиясы аппаратының қызметін қозғайтын 2 нормативтік құқықтық акті және 1 құқықтық акті бар, олар:

Нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы

19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 сәуір №93 бұйрығы

Құқықтық актілер:

– Жұмысшы топ төрайымының 2018 жылғы 31желтоқсандағы №158 бұйрығы  «Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі бойынша жұмысшы топтың тексеру регламентін бекіту туралы» ;

Аталған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар  мен нормалар анықталған жоқ, заң талаптарына сәйкес.

 

2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Мекеменің тарификациялық бетшесіне  сәйкес, педагогтар мен техникалық қызметкерлердің жалпы штат саны 42 бірлікті құрайды.

2019 жылдың қыркүйек  айының 06 күні  мекеменің бос тұрған лауазымдық орындарына электронды еңбек биржасына хабарландыру жарияланған және Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс жазбаша түрде төмендегіше  берілген.

 

Лауазым атауы (мамандық атауы)

Штаттық бірлік

Бейнелеу өнері

1

Бейнелеу өнері

1

Домбыра-тенор пәні

4

Баян

1

Музыка теория

4

Фортепиано

Концертмейстрлік сағат

 

1

Хореография

1

Скрипка

1

Б а р л ы ғ ы 

14

  

10 қыркүйек күнгі №102 мектеп директорының бұйрығымен домбыра-тенор сыныбы педагогы Әжіғұлова Салтанат, жас маман  баян сыныбы педагогы Муфтоллаев Ертілек, жас маман бейнелеу өнері сыныбы педагогы Уагапова Жадыра, 14 қыркүйек күнгі №107 бұйрықпен халық әні сыныбы педагогы Исмагулов Руслан, шертер сыныбы педагогы Нургалиев Әділбек жеке еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданды.

Қыркүйек  айының 10 күні  №101 бұйрықпен зейнеткерлік жастағы 4 (төрт) қызметкермен (домбыра-скрипка сыныбы педагогы Хабибуллин Ибраким Хаббасович, музыка және ән пәні педагогы Бабушкина Валентина Петровна, домбыра-тенор сыныбы педагогтары Жумпаева Жанылсын Уалитовна, Бахишева Магзия Елеусиновнамен   еңбек шарты тоқтатылған. Алайда мамандарға қажеттілік болғандықтан 14 қыркүйек күнгі №108 мектеп директорының бұйрығымен жеке еңбек шарты негізінде ( 4 бірлік)  зейнеткерлік демалыстағы мамандар: (домбыра-скрипка сыныбы педагогы Хабибуллин Ибраким Хаббасович, музыка және ән пәні педагогы Бабушкина Валентина Петровна, домбыра-тенор сыныбы педагогтары Жумпаева Жанылсын Уалитовна, Бахишева Магзия Елеусиновна қайта жұмысқа алынды.

Аудан әкімінің 2019 жылдың 17 маусым күнгі №208 қаулысының 4 , 5 тармақшаларына сәйкес мектеп директорының 2019 жылдың 30 қыркүйек күнгі №116 бұйрық негізінде маусымдық жылу қазандығын іске қосу туралы бұйрығы шыққан. Жылу қазандығы операторы қызметіне жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Имангалиев Алихан, Бактыгалиев Бакытжан жұмысқа алынды.

2 қазан күнгі №117  бұйрықпен 49-бап 5 тармағына сәйкес мекеме тазалықшысы Туяхова Жансия еңбек шарты 3 қазан күні тоқтатылған. Бос қалған жұмыс орны мекеменің тазалықшы 0,5 (бірлік) электронды еңбек биржасына жарияланған. Бос жұмыс орны 0,5 (бірлік) тазалықшы қызметіне мектеп директорының 08 қазан күнгі №121 бұйрығы негізінде еңбек шартпен жұмыссыздар есебінде тұрған Уахитова Даметкен жұмысқа алынды.

14 қазан күнгі №123 бұйрықпен мекеменің маусымдық жұмысына жылу қазаны операторлық қызметіне төмендагі операторлар жұмысқа алынған.

  1. Кадыршаев Асхат
  2. Кубашов Арман
  3. Ергалиев Усербек
  4. Кербалахов Ризабек

31 қазан күнгі №128 бұйрықпен мекеменің маусымдық жұмысына жылу қазанының операторлық қызметіне Рахметуллаев Рустем, Есимов Махамбет жұмысқа алынған.

Материалдық базаны жақсарту үшін бюджеттен  414 ерекшеліктен 260,000 теңге қаралды. Оның бір көзден 200,000 тг. ноутбук, 60,000 тг. іс машинасы алынды.\

 

2)Мемлекеттік қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызмет көрсету қызметтері міндеттемелері дұрыс уақытылы атқарылған. 2019 жылдың маусым айының 01-30 арасында 38 оқушы, тамыз айының 01-30  аралығында 11 оқушы , қыркүйек айында 14 оқушы жалпы 63 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

3)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жұмысшы топ төрайымының 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, жұмысшы топ құрылымдық бөлімдері жұмыстар атқаруда.

Әр мамандық бойынша қыркүйек айынан бері көптеген облыстық «Алтын қазына» көрме байқауы, республикалық «Жадырау жас дарын», халықаралық «Ақ сәулелі алтын таң» байқауларына оқушылар жақсы қатысып жүлделі орындарға ие болған.

Педагогикалық ұжым ішінен халық аспаптар бөлімінің ұстаздары облыстық ансамблдер байқауында бас жүлдеге ие болған. Көршілес Астрахан облысының Красный Яр селосының №15 өнер мектебінің ұжымымен тәжірибе алмасу мақсатында «Қосымша білім беру жеке тұлғаны ұлттық мәдени құндылықтарға тәрбиелеудің кепілі» тақырыбында ашық аймақтық семинар өткізді. Аталған семинарда жоғары санатты педагогтар баян сыныбы педагогы Султанмуратов Берік, музыка теория пәндері педагогы Бабушкина Валентина, бірінші санатты бейнелеу өнері сыныбы педагогы Хамзина Акмарал, хореография сыныбы педагогы Ислямова Бахит Жадигеровна шеберлік сыныптарын өткізді.

Қараша айында мектеп  директоры Боханова Милана Кадыровна Қызылорда қаласында өткен «Балаларға үздіксіз білім берудің сапасын, қол жетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан өткен.

 

4)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Жеке немесе заңды тұлғалардан өтініштер түспеген. Аудандық білім бөлімінің қатынас хаты негізінде әр айдың соңғы  жұма күндері ашық есік күні өткізіліп отырған.

 

5)Прокурорлық қадағалау және сот актілері. 

Жұмысшы топқа  прокурорлық қадағалау және сот актілері түспеген.

 

Қорытынды:

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмысшы топ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келе отырып, жаңадан енгізілген заңнамалар бойынша техникалық түсіндірме сабақтарын өткізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың түбі неге жеткізетіндігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастыру, ашық есік күндерін өткізіп отыру ұсынылды.

 

 Жұмысшы тобы:

  1. _____________ М. Боханова
  2.                            А. Хамзина
  3.                            Г.Кумарова
  4.                            О.Кабдулхахова
  5.                            А.Нурлыбаева
  6.                            Н.Елемесұлы
  7.                            Н.Мусагалиева

« 06 » қаңтар 2020 жыл