Дәулеткерей  атындағы балалар музыка  мектебі бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылдың қаңтар  айына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Хиуаз  ауылы 10.01.2020 жыл

Жұмысшы топ тексеру жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері шегінде жүзеге асырады.

Тексеруші жұмысшы топ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген  « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2019 жылдың шілде-желтоқсан  айларына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мектеп директорының 2018 жылғы 31 желтоқсан күнгі №149 санды бұйрығымен жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топтың құрамы:

  1. Мектеп директоры   Даумова Жанаргуль  -топ жетекшісі;
  2. Оқу ісі жұмысының орынбасары Исаев Нурболат –мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына жауапты;
  3. Ата-аналар комитетінің төрайымы  Садихова Венера;
  4. Қамқоршылық кеңес құрамының төрайымы Сатылғанова Гүлнар  –топ мүшесі;
  5. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Даумова Заузагул –топ мүшесі;
  6. Мектептің бас есепшісі  Балекешова Айбарша –топ мүшесі;
  7. Іс қағаз жүргізуші Хамитова Гулзада  –хатшы.
  1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.

Тексеру комиссиясы аппаратының қызметін қозғайтын 2 нормативтік құқықтық акті және 1 құқықтық акті бар, олар:

Нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы

19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 сәуір №93 бұйрығы

Құқықтық актілер:

– Жұмысшы топ төрайымының 2018 жылғы 31желтоқсандағы №150 бұйрығы  «Дәулеткерей  атындағы балалар музыка  мектебі бойынша жұмысшы топтың тексеру регламентін бекіту туралы» ;

Аталған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар  мен нормалар анықталған жоқ, заң талаптарына сәйкес.

 

2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Мекеменің тарификациялық бетшесіне  сәйкес, педагогтар мен техникалық қызметкерлердің жалпы штат саны 38  бірлікті құрайды.

Алайда мамандарға қажеттілік болғандықтан 03 қыркүйек күнгі №93 мектеп директорының бұйрығымен жеке еңбек шарты негізінде (3 бірлік) зейнеткерлік демалыстағы  мамандар: домбыра- тенор сыныбы педагогы Шарапов Қабидулла, қобыз сыныбының педагогы Каримова Нұрсұлу, баян сыныбының педагогтары Бердешева Светлана Газизовна қайта жұмысқа алынды.

Аудан әкімінің 2019 жылғы 09 қыркүйек №267 «Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне мүліктер беру туралы Қаулысын негізге ала отырып,

2019 жылдың қыркүйек  айының 10 күні  мекеменің бос тұрған  орындарына электронды еңбек биржасына хабарландыру жарияланған және Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс жазбаша түрде төмендегіше  берілген.

 

Бос тұрған штат  (мамандық атауы)

Штаттық бірлік

Күзетші

4

оператор

5

Вахтер

1

Гардероб

1

Тазалықшы

1

Б а р л ы ғ ы 

12

 

10 қыркүйек күнгі №95 мектеп директорының бұйрығымен күзетшілік штатқа - Кудияров Едиль, Сатыбаев Мустажап, Хамитова Гулнара, Имангалиев Ризабек,  вахтерлік  штатқа – Кузембаева  Айымгул, 30 қыркүйек  күнгі №104 бұйрығымен тазалықшы штатқа – Кажигалиева Айнур, 14 қазан күнгі №108 бұйрығымен гардеров штатқа – Абугалиева Майра еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданды.

Аудан әкімінің 2019 жылдың 17 маусым күнгі №208 қаулысының 4 , 5 тармақшаларына сәйкес мектеп директорының 2019 жылдың 02 қазан күнгі №107  бұйрық негізінде маусымдық жылу қазандығын іске қосу туралы бұйрығы шыққан. Жылу қазандығы операторы  Кайров Утеуиш жұмысқа алынды.

14 қазан күнгі №108   бұйрықпен мекеменің маусымдық жұмысына жылу қазаны операторлық қызметіне жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен  төмендагі операторлар жұмысқа алынған.

  1. Сатбаева Алмагул
  2. Ихсанова Раушангул

31 қазан күнгі №118  бұйрықпен мекеменің маусымдық жұмысына жылу қазанының операторлық қызметіне жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен төмендегі операторлар   жұмысқа алынған.

1.Арыстангалиев Жексенбай

2.Гильманов Сырымбек

3.Каменов Серик

4.Есмаганбетов Наурызбай

5.Дүйсенов Эдуард

Материалдық базаны жақсарту үшін бюджеттен  414 ерекшеліктен 500,000 теңге қаралды. Оның бір көзден 250,000 тг. Домбыра аспаптары, 250,000 тг. ансамбль құралдары алынды

 

2)Мемлекеттік қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызмет көрсету қызметтері міндеттемелері дұрыс уақытылы атқарылған. 2019 жылдың маусым айының 01-30 арасында 10 оқушы, тамыз айының 01-30  аралығында 50 оқушы , қыркүйек айында 8 оқушы жалпы 68  оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

3)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жұмысшы топ төрайымының 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, жұмысшы топ құрылымдық бөлімдері жұмыстар атқаруда.

Әр мамандық бойынша қыркүйек айынан бері көптеген облыстық , республикалық «Жадырау жас дарын», халықаралық «Ақ сәулелі алтын таң» байқауларына оқушылар жақсы қатысып жүлделі орындарға ие болған.

Педагогикалық ұжым ішінен халық аспаптар бөлімінің ұстаздары облыстық ансамблдер байқауында  «Алғыс хатқа» ие болдық.. Көршілес Астрахан облысының Красный Яр селосының №15 өнер мектебінің ұжымымен тәжірибе алмасу мақсатында «Қосымша білім беру жеке тұлғаны ұлттық мәдени құндылықтарға тәрбиелеудің кепілі» тақырыбында ашық аймақтық семинар өткізді. Аталған семинарда жоғары санатты  қобыз  сыныбы педагогы Селеуова Гулайым , жас маман дәстүрлі ән пәнінің педагогы Исаев Нурболат  шеберлік сыныптарын өткізді.

Қараша айында мектеп  директоры  Даумова Жанаргуль Гасырбековна Ақтөбе  қаласында өткен «Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары- балаларды дамытудың ресурстық орталықтары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан өткен.

 

4)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

 Жеке немесе заңды тұлғалардан өтініштер түспеген.

Аудандық білім бөлімінің қатынас хаты негізінде әр айдың соңғы  жұма күндері ашық есік күні өткізіліп отырған.

 

5)Прокурорлық қадағалау және сот актілері. 

Жұмысшы топқа  прокурорлық қадағалау және сот актілері түспеген.

 

Қорытынды:

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмысшы топ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келе отырып, жаңадан енгізілген заңнамалар бойынша техникалық түсіндірме сабақтарын өткізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың түбі неге жеткізетіндігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастыру, ашық есік күндерін өткізіп отыру ұсынылды.

 

Жұмысшы тобы:

  1. _____________  М.Саламатова                          
  2.                            М.Султангалиева
  3.                            Н.Исаев
  4.                            Н.Каримова
  5.                            Г.Хамитова

« 10 » қаңтар 2020 жыл