Хаттама №1
27.12.2018ж Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі» КММ-ң мекемеішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиналыс басшысы: М.Шекетасова
Жиналыс хатшысы: А.Тажибаева
Жиналысқа қатысқандыр:
Құрманғазы аудандық оқушылар Үйі мекемесінің қызметкерлері А.Қаржауова, К.Мендигазиева
Ата-аналар: 55
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
- Қамқоршылық кеңесін құру туралы
Хабарламашы: А.Тажибаева
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тажибаева қамқоршылық кеңестері туралы түсінік беріп өтті. Қамқоршылық кеңестерінің мақсаттары: білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Қамқорлық кеңестері және қамқорлық кеңесінің құрамында кімдер болуы мүмкін, қамқорлық кеңесі жұмысының бағыттары, қамқоршылар кеңесінің функциялары туралы толық мағлұмат берілді.
Сөйлеушілер:
- А.Алипова-кәсіпкер:
Бүгінгі ұйымдастырылған жиналыста айтылған, қаралған мәселе орынды. Айтылған мағлұматтармен толық келісемін. Жиналыс кезінде сайланған қамқоршылар кеңестерін қолдаймын.
- К.Салахаденова-ата-ана:
Ұйымдастырылған жиналыста айтылған, қаралған мәселе өте орынды. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары мен негізгі бағыттарымен таныс болдық. Сайланған қамқоршылар кеңестерін қолдаймыз.
Қаулы :
- А.Алипова қамқоршылық кеңестің төрайымы болып тағайындалсын.
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің құрамына:
- М.Шекетасова-мекеме директоры
- А.Кабдолова – ата-ана
- К.Салахаденова-ата-ана
- Г.Карабалина-ата-ана
- С.Ажгалиева-ата-ана
- Б.Умирзахов-ата-ана
- Н.Кайрлиева-ата-ана
- Б.Мендиханова-ата-ана
- М.Туебаева-ата-ана
Жиналыс басшысы: М.Шекетасова
Жиналыс хатшысы: А.Тажибаева