Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама
І. Кіріспе
Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны- меңгеруші басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.
Құрманғазы аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемесі болып табылып, дербес мекеме ретінде жергілікті атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мекемеде азаматтық қызметшілер саны- 44; меңгеруші-1, әдіскер-1, психолог-1, тәрбиеші-13, көмекші тәрбиеші-7, маман-4, шаруашылық меңгерушісі-1, медбике-2, есепші-1, аспаз-3, кір жуушы-1, кірүтектеуші-1, жұмысшы- 2, күзетші-3, от жағушы-2, іс жүргізуші-1 жұмыс жасайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен жәйі мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Мұхат Мусаев көшесі,
5А үй, телефон: 8(71233)2-11-85, эл.поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:
Басталды: 05 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 8 қаңтар 2020 жыл
- Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
- «Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы 986 Жарлығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің 2016 ж №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары басшылыққа алынып , іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шарасының жоспарын бекіту туралы» мекеменің 08.01.2019ж №1-5 Ө санды бұйрығымен іс-шара жоспары жасақталып, жоспар жүзеге асырылды.
- Мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарының қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттері үнемі таныстырылып, қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру бағытындағы түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Мекеме қызметкерлері тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.
- Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Жыл ішінде 1-әдіскер, 1-музыка маманы, 1-тәрбиеші, 1-дене нұсқаушысы, 2-от жағушы (маусымдық) мамандар мен қызметшілер Еңбек KZ порталы арқылы жұмысқа қабылданды.
- Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салудың алдын алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пйдаланудың бақылауын күшейту бойынша мекемеде мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы жинақталып отыр.
- Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілді. 2019 жылға 5270 млн тг жоспарланып, 52704.0 млн тг игерілді. Игерілу көрсеткіші 100 пайыз болды.
- Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2019 жылғы 11 айлығында мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.
2019 жылдың 12 айында мекемеде 53 ата анаға баланы балабақшаға қабылдау жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетілді
- Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлеріне және ата-аналарға 2019 жылы 37 жаднама таратылды. Балабақшада ақша жинауды болдырмау, мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Дәліздің көрнекті жеріне Сыбайлас жемқорлыққа қатысты плакаттар ілетін «Сыбайлас жемқорлыққа жол» атты стенд орналастырылды, «Сенім жәшігі» ілінді.
Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер және мөлтек аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру, насихаттау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес «Адалдық сағаты» ұйымдастырылып өткізілді.
ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
- Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы:
Габдуллина Л.Г. –балабақша әдіскері, жұмыс тобының жетекшісі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында:
- Мекеме қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері бойынша;
-Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша;
-Ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша мекеме қызметкерлерінің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері;
-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкіметтік пен нормалар және басқа да сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайлар анықталған жоқ.
-Прокурорлық қадағалау және сот актілері орын алған жоқ.
3.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.
- Заң бұзушылықтар болмауы себепті бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық анықталмағандықтан ешқандай шара қолданылған жоқ.
ІІІ.Қорытынды:
Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқытуды жетілдіру
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- ____________Л.Габдуллина-әдіскер, жұмыс тобының жетекшісі
- ____________С.Сисенгалиева-психолог, жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
- ____________М.Қартымова -есепші, жұмыс тобының мүшесі
- ____________Г. Аюпова-тәрбиеші, жұмыс тобының мүшесі
- ____________ С.Утегалиева-кәсіподақ төрайымы , жұмыс тобының мүшесі