«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу анықтамасы

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін ұйым

Мекемеде 24 педагог 33 техникалық қызметкер барлығы 57 қызметкер  істейді. Оқу жылының басында мектепке дейінгі мекемеге   190 бала қабылданды. Олар:

 1 ерте жас тобы, 2- І кіші топ , 3-ІІ кіші топ және 2-ортаңғы топ жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Самаркин  ауылы, Қыдыр ата  көшесі 122А, тел.: 8(71233)2-05-97 электронды поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.

  1. Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қыркүйек пен 2019 жылдың 30 желтоқсан аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Құрманғазы аудандық білім бөлімінен келген  Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары уақытылы орындалып отырады.

Мекеменің дәлізінде   «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық стенд орналасқан. Ақпараттық стенд жанында  ата-аналар үшін  үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Мекеменің  сенім телефоны ретінде 2-05-97 нөмірі бекітілген.

Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» атты бірыңғай республикалық жиын өтті. Жиынға ауданымыздың ардагер ұстаздары шақырылды. Олар сөз кезегінде жастарға өздерінің  өмір жолдарынан сыр шерті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар интернет –ресурстарынан жарық көреді.

1) Мүдделер қақтығысын реттеу –бұл бағытта фактілер орын алған жоқ..

*2) Мекемеде бос орынға қызметкерлерді қабылдау Құрманғазы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы негізінде жүзеге асады.

3.мемлекеттік қызмет көрсету –бұл балабақшаға жолдама беру, кезекке қою –бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ.

Мекемеде  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, педагогикалық әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мекеме қызметкерлері  тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағытында жергілікті бюджет есебінен бір жылға арналған қаржылық жоспар 66668 мың теңгені құрады.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Гилманова М- балабақша психологы , жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-04-32

Мекемеге қарасты білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

3) Аудандық білім бөліміне «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы қызметкерлеріне қатысты ата-ана Фазылова Г  ауызша шағымы /яғни балама дене жарақатын салды/ бойынша  арнайы мамандар қатысып, кезектен тыс жалпы  ата-аналар жиналысы өткізілді. Арнайы келген мамандар видеокамераны тексеру жүргізді, топ жетекшілерімен сөйлесті. Балаға дене жарақатын салатындай видеокамераны тексеру барысында кемшіліктер байқалмады. Топ жетекшілері видеокамераны тексерген кезде санитариялық қағидаларды дұрыс қолданбағаны үшін  Сеймова Ұ және Джақсыбаева Б  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сол топтың көмекші тәрбиешісі Ихсанова З өз еркімен жұмыстан шығып кетті.

 (Бұйрық №2-23Ө, 21.10.2019ж)

4/ «Бала құқығын қорғау» министрлік сайтына Гульфайрус / тел.номері 87782525455 / есімді  азаматшаның «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында ақша жиналады  деген хабарламасы шықты. Хабарламаны негізге ала отырып ата-аналар және педагогтар арасында жиын өткізілді. Хабарламаның негізсіз екенін жалпы ата-аналар қауымы растады. Жиналысты қорытындылай келе алға қарай мерекелік безендіруге: шырша мерекесіне, туған күн өткізу, анимация, балаларға түрлі тәттілер әкелуге; балабақшамен қоштасу мереке -леріне,  ақша жинауға тиым салынды; (Бұйрық 2-36Ө 12.12.2019 ж)

Мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынысыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында 2019 жылдың 01 қыркүйек 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығының қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заң бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. ____________М.Гилманова – балабақша психологы, жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________Н. Жеткіншекова – мекеме тәрбиешісі, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыстобыныңмүшелері

3____________ М. Исмагулова– мекемеэксперименталдыәдіскері__

4____________М. Камзаева  – мекемеесепшісі