«Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама.

  1. Кіріспе.

«Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі –мектепке дейінгі ұйым) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14-сәуірдегі №166 қаулысымен құрылды. Мектепке дейінгі  ұйымда 2 мен 5 жас аралығында 70 бала тәрбиеленуде. Жалпы қызметкерлер саны – 40, 1-меңгеруші, 1-әдіскер,1-психолог,1-шет тіл мұғалімі, 1-саз жетекші, 1-есепші, 1-шаруашылық меңгерушісі, 1-медбике, 7-тәрбиеші, 4-көмекші тәрбиеші, 2-аспазшы, 2-көмекші аспазшы, 3-жұмысшы, 6-қарауылшық, 8-от жағушы, 1-кір жуушы, 1-кір үтіктеуші жұмыс жасауда.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектепке дейінгі ұйымдағы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекен-жайы мен байланыс  мәліметтері: Қазақстан, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылы, көшесі Жұмекен Нәжімеденов, үй 3, пошталық индексі 060404. Тел: 8 (71233) 34469, эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Мектепке дейінгі ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспары жасақталып, жоспар бойынша іс-шаралар атқарылып отырылады. Мектепке дейінгі ұйымда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптары қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ. 

Мектепке дейінгі мекеме дәлізінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта ақпараттық стенд жаңартылды. «Пара берсең жазаланасың», «Әділдік, сенімділік, парасаттылық», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз», «Бір пара - екі қызметкер», «Мақсат - тұрмыстық жемқорлықты жою» тақырыбымен ата-аналар, балабақша қызметкерлері арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрнекі жерге ілінді, «Ата-аналар үшін» ата-аналар бұрышына жадынамалар ілінді. Мектепке дейінгі ұйымда сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагогтар мен балалардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған. «Рухани- адамгершілік және азаматтық-патриоттық» тәрбиелеу мәнінде балабақша ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәдениетін көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде. 2019 жылдың 6-ақпанда балабақша әдіскері А.Тасимова ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында педагогтар арасында дөңгелек үстел, сонымен қатар, «Кішіпейілділік-кішілік емес, кісілік» тақырыбында педагогтар арасында пікірталас ұйымдастырылды.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде, 2015-2017 жылдар аралығында Құрманғазы ауданындағы ауылдық округтерге жекелеген бағдарламаға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық іс-шарасына сәйкес, мемлекеттік аудитпен қамтылған 11 балабақшадан 2478,1 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтарға байланысты, 2019 жылғы наурыз айындағы нұсқамалар негізінде балабақшасындағы  күрделі жөндеу кезінде мердігерге жасалмаған жұмыстар үшін қаржы аудару фактісімен қаржылық бұзушылықтарына жол беріп, өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі Л.Г.Кисметоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (Бұйрық №231-237, 12.04.2019 ж.)

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына арналған жолдауында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда. Мектепке дейінгі мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта жүзеге асты:

  1. Мектепке дейінгі ұйым қызметін қорғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мектепке дейінгі ұйымның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы А.Тасимова әдіскер,жұмыс тобының жетекшісі.

III. Қорытынды.

     «Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқытуды жүргізуді жетілдіре жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

  1. ____________________А.Тасимова, әдіскер, жұмыс тобының жетекшісі.
  2. _____________________С.Досмағамбетова, кәсіподақ ұйым төрайымы, жұмыс  тобы хатшысы.

 Жұмыс тобы мүшелері:

  1. ___________________Л.Кисметова, балабақша меңгерушісі.
  2. ___________________А.Кожагалиева шаруашылық меңгерушісі.
  3. ___________________М.Кайырова, балабақша есепшісі.
  4. ____________________А.Тасимова, әдіскер.