«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Мерей» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу анықтамасы

 

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Мерей» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның  ұйымдық құқықтық нысандары заңды тұлға болып табылады.  Балабақша 1 жастан бастап 5 жас мектеп жасына дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту, медициналық бақылау,сондай-ақ қарау,бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.

Балабақшада 21 педагог, 24 техникалық қызметкер барлығы 45 қызметкер жұмыс  істейді. Оқу жылының басында мектепке дейінгі мекемеге   145 бала қабылданды. Олар:

 1).  І- кіші топ 2жас-3жас , 2).  2 - ІІ кіші топ 3жас-4жас  және 3-ортаңғы топ 4жас-5жас жас ерекшеліктеріне қарай  жұмыс жасайды.

Балабақшаның жобалық қуаты: 95

Қолданысқа берілген жылы:  1999

Пошта индексі: 060400

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  «Мерей» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,Нұғыман Манаев  көшесі 1, тел.: 8(71233)2-14-76 электронды поштасы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.

  1. Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтар пен 2019 жылдың           31 желтоқсан аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Құрманғазы аудандық білім бөлімінен келген  Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары уақытылы орындалып отырады.

Мекеменің дәлізінде   «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық стенд орналасқан. Ақпараттық стенд жанында  ата-аналар үшін  үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Мекеменің  сенім телефоны ретінде 2-14-76 нөмірі бекітілген.

Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» атты бірыңғай республикалық жиын өтті. Жиынға ауданымыздың  Округ бас мамыны ардагер ұстаз шақырылды. Олар сөз кезегінде жастарға өздерінің  өмір жолдарынан сыр шерті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар интернет –ресурстарынан жарық көреді.

1) Мүдделер қақтығысын реттеу –бұл бағытта фактілер орын алған жоқ..

*2) Мекемеде бос орынға қызметкерлерді қабылдау Құрманғазы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы негізінде жүзеге асады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету –бұл балабақшаға жолдама беру, кезекке қою –бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ.

Мекемеде  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, педагогикалық әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мекеме қызметкерлері  тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағытында 2019 жылы  жергілікті бюджет есебінен бір жылға арналған қаржылық жоспар 56 877 000 мың теңгені құрады және 56 877 000 теңге жаратылды. Игерілуі 100%

Мемлекеттік сатып алу заңына сай  2019жылы ашық конкурс тәсілімен 124032015418 бағдарлама бойынша 1 398 678 теңгеге дизельді генератор сатып алынды.

Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларының  нормалары мүлтіксіз сақталуда.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Б.Наурызбаева - балабақша әдіскері , жұмыс тобының жетекшісі.

Мекемеде ақша жинауды болдырмау, балабақшамен  қоштасу, мерекелерде, педагогтерге сыйлыққа  ата-аналардан ақша жинамауға тиым салынады  деген сөздер көрнекі стендке ілінді. Жадынамаларды көрнекі жерге  орналастыру  тапсырмалары орындалып,  балабақша дәлізінде « Жемқорлыққа жол жоқ!» , «Пара берсең жазаланасың!», «Сыбайлас жемқорлықсыз-жарқын болашақ!», «Параға емес, биікке ұмтыл» тақырыптарымен  халық арасында  насихаттау және түсіндіру мақсатындағы  кезекті даярланған жадынама  үлгілері таратылды.

Мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  « Мерей» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. __________Б.Наурызбаева-балабақша әдіскері,жұмыстобының жетекшісі
  2. _________ Л. Раисова – балабақша  тәрбиешісі, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

3____________Ғ.Бралиева – балабақшаның кәсіподақ төрайымы

4____________А.Утеулиева  – балабақша  медбикесі