Білім саласы бойынша көрсетілетін

мемлекеттік қызметтер туралы хабарлама

Құрманғазы аудандық білім бөліміне қарасты 33 орта мектеп, 23 балабақша, 5 қосымша білім беру мекемесі, 1 кешкі мектеп, 1 түзету кабинеті жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес білім саласы бойынша 26 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 11 «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, 4 ақпараттық жүйелер арқылы, 5 мемлекеттік корпорация арқылы, 6 қағаз түрінде көрсетіліп отыр.

Білім бөлімі бойынша мемлекеттік қызметтер үлесін, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету анықтамасы», «Патронаттық тәрбие және асырап-бағу қаражаты», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою», «Тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» атты мақалалар жарияланды. Мектептерде тағайындалған жауапты қызметкерлерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы  түсінік беру, талқылау, оқыту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен бірлескен түрде түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Әлеуметтік желілерде фейсбук парақшаларында білім саласы бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілін үйрететін бейнероликтер жарияланды.   

р/с

Қызмет түрі

2022 жылы

2023 жылы

6 айы

1

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны

 

9398

1768

 

Оның ішінде:

 

 

2

Қағаз түрінде

3311

72

3

Ақпараттық жүйелері арқылы арқылы («http://school.kurmangazy.atyrau.gov.kz» (Sakura), «indigo. kurmangazy.atyrau.e-orda.kz.ru» (INDIGO24.kz)

5941

1498

4

Мемлекеттік корпорация арқылы

77

40

5

“Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы

69

158

Аудан тұрғындары «Sakura», «INDIGO24.kz» ақпараттық жүйесі арқылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алып және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама  алып отыр.

Атауы Жүктеу
1 Меню