Карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
- асхананың толымдылығы - 30%-тан артық емес;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау-үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар;
- өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;
- буфет өнімдерін жеке орамада жіберу және т.б.
Жоғарыда көрсетілген шараларды сақтау мүмкін болмаған жағдайда тағамды бір рет қолданылатын ыдыста немесе көп рет қолданылатын ланч-бокстарда сыныптарға жеткізуді қамтамасыз ету;
Бақылауды жауапты қызметкер қамтамасыз етеді.