«Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептерде зерттеу сабақтары өтуде. Нұржау жалпы орта мектебінде  -сыныпта әдебиеттік оқу, 5-сыныпта  Қазақстан тарихы  пәнінен 8ә-сыныбында  орыс тілі мен әдебиетінен өткен зерттеу сабағы оқушылардың  айтылым және жазылым дағдыларын белсенді әдістер арқылы дамытуды көздеді. Зерттеу тобы сабақ соңында талқылау жұмысын жүргізіп, алдағы сабақ өткізуде ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

Зерттеу сабағына қатысқан әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.Бахтыгереева зерттеу тобы мүшелері  мен пән мұғалімімен пікіресіп, «Жетістік. Кедергі. Шешу жолдары» әдісі бойынша  пән мұғалімі және  зерттеу тобының мүшелеріне  кері байланыс берді.