2021 жылдың 19 наурыз күні мектеп директорының әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Инновациялық қызмет - сапалы білім беру ортасы» тақырыбында вебинар өтті. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету және тиімді тәжірибелермен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған вебинар жұмысына мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Мукушева Шуга Кайрушевна, екінші санатты басшының орынбасары, (Қадыр Мырза Әли атындағы ЖОМ), Шияпова Кымбат, үшінші санатты басшының орынбасары, (Ю.А.Гагарин атындағы ЖОМ) сапалы білім беру ортасын құру бағытындағы мектеп тәжірибесімен: краудсорсинг, жобалық жұмыстарымен бөлісті. Вебинар жұмысын әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.М.Бахтыгереева қорытындылап, аталмыш тақырыпта тәжірибе алмасу жұмысы жалғасын табатындығын атап өтті.
https://kurmangazy-bb.edugov.kz/kz/is-sharalar/316-innovatsiyaly-yzmet-sapaly-bilim-beru-ortasy-ta-yrybynda-vebinar-tti.html#sigFreeIda392cb30be