«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

     «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі мектепке дейінгі ұйым) жедел басқару  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары заңды тұлға болып табылады.

Балабақша 2 жастан бастап мектеп жасына дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту, медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.

Балабақшада-32 қызметкер жұмыс жасайды.

Балабақшаның жобалық қуаты: 90  Қолданысқа берілген жылы:1982 жыл.

Бала саны: 90  Топтар саны: 4

Пошта индексі: 060409

Байланыс телефоны: 8(71233)3-84-20 Әрбір топ жеке жатын, оқу- ойын, әжетхана бөлмелерінен тұрады. Барлық топтар жаңа жиһаздармен, балалардың жас ерекшелігіне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған.

Оқыту-тәрбиелеу тілі: Мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.

Кадрлар құрамы:

Балабақшадағы педагог саны:14

1-меңгеруші, 1-әдіскер-орыс тілі маманы, 1-психолог, 9-тәрбиеші,1-ауысымды тәрбиеші,1- ағылшын тілі маманы жұмыс жасайды.

Жоғары біліктілік санаты-2, І-санатты-4, ІІ- санатты- 5 , санатсыз - 3 педагог мамандар еңбек етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторнгтің мәні:

Балабақшадағы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштеріді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторнинг жүргізілді:

  «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

  «Гаухар» бөбекжай балабақшасы МКҚК.

  Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,  

  Нұржау ауылы, Ниғыметов 7 көшесі. Тел.8(71233)3-84-20

  Эл.поштасы. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.

3.Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Гаухар» бөбекжай балабақшасы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының  2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» балабақша меңгерушісінің 2018 жылдың 20 желтоқсан күнгі № 01-06-32 санды бұйрығымен іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар қызметкерлерге таныстырылып сәйкесті жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылды.

  1. 2019 жылдың он бір айы бойынша балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: Жеке құрам бойынша 91 бұйрық, ал негізгі 18 бұйрық бекітілген. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы үнемі бақылануда. Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобына балабақшаның бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр.
  2. Мүдделер қақтығысы жоқ
  3. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
  4. Бос лауазымдарға аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде қабылданады.
  5. Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
  6. Балабақша қызметкерлерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.
  7. Мемлекеттік қызметшілерге 2019 жылдың 12 айында бөлімнен тәртіптік жаза берілген жоқ. Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ.
  8. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда.
  9. Мемлекеттік сатып алулар 2019 жылы конкурстық тәсілмен сатып алынған жоқ. Мемлекеттік бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілді.
  10. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің веб-сайтына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша екі тілдегі ақпараттар орналастырылуға уақытылы жолданып отыр.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)   Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектепке дейінгі ұйымда ақша жинауды болдырмау, балабақшамен қоштасу, мерекелерде, мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан ақша жинамау шаралары үнемі қатаң қадағалануда.

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру - бас бостаныдығынан және болашағынан айырады», «Пара берсең жазаланасың!», және «Параға емес, биікке ұмтыл» тақырыптарымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері таратылды. Жадынамаларды көрнекі жерге орналастыру тапсырмалары  орындалып балабақша дәлізіне «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы-басты міндет» тақырыбындағы стендке ілінді.

Қазақстан Республикасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес «Адалдық сағаты» ұйымдастырылып өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмысының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында мәселе ретінде талқыланып қаралады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.

Балабақшада сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІV.Қортынды.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қортындысы бойынша ұсынылды.

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. ____________А.Тажибаева – балабақша меңгерушісінің м.у.а., жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________Г.Қуанышбаева – балабақша әдіскері, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

  1. ____________ Қ.Ақыбаева- кәсіподақ ұйымының төрайымы
  2.  ____________Г.Хадисова- балабақша шаруашылық меңгерушісі
  3.  ____________Б.Жұманиязова- балабақша медбикесі