МКҚК «Cүйіндік» бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық
АНЫҚТАМА
І. Кіріспе
МКҚК«Cүйіндік»бөбекжай балабақшасы Г.Лукпанова – балабақша басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Балабақша ішілік сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
МКҚК«Сүйіндік»бөбекжай балабақшасы.Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылы, Омаев көшесі 5 үй, тел.: 8(71233)51-2-12 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
МКҚК«Сүйіндік»бөбекжай балабақшасы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі №908 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.
Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Балабақшаның педагогикалық ұжым тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.
Балабақшада 2019 жылғы 2-7 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» Республикалық апталығы аясында жасалған жоспарға сай мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне арналған «Ашық есік» күні шарасы «Менің мемлекеттік қызметім – отбасымның мәртебесі» тақырыбымен 2019 жылдың 9 қыркүйек күні ұйымдастырылып өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша балабақшада стенд жасақталып, ілінген.
Балабақша ұжымына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы таныстырылуда.
Балабақша дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Сонымен бірге, ата-аналар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған.Балабақшаның сенім телефоны ретінде 51-2-12 нөмірі бекітілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында балабақшаға ақпараттық стенд, «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрышының жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.
Балабақшада ақша жинауды болдырмау,балабқшамен қоштасу мерекелерде тәрбиешілерге сыйлыққа ата-аналардан, балалардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.Балабқшада «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банерлері ілінген.
МКҚК «Сүйіндік»бөбекжай балабақшасында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру- бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең жазаланасың!» және «Параға емес, биікке ұмтыл!» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге ілінді, Балабақша кіре берісіне «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс», «Сыбайлас жемқолыққа – жол жоқ», стенділерінде және балабақшаның ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға «Ата-аналар үшін» бұрышына, дәлізіндегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стенділері ілінді.
Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен балалардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.
«Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық» тәрбиелеу мәнінде балабақша ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде.Балабақшадағы өтілген шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету мақсатындағы бұқаралық ақпарат құралдарында, жариялау бойынша әлеуметтік желілердегі сілтемелері көрсетілген ақпарат білім бөлімінде жинақталған.
ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :
- Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: М.Алдабергенова – әдіскер-психолог, жұмыс тобының жетекшісі.
ІІІ. Қортынды:
МКҚК «Сүйіндік»бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- ___________ М.Алдабергенова-әдіскер-психолог,жұмыс тобының жетекшісі
- ___________ Г.Адаева- тәрбиеші, жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
- ____________ Г.Лукпанова - балабақша меңгерушісі
- ____________ Г.Бегеева- балабақша есепшісі
- ____________ М.Алдабергенова-әдіскер-психологі
- ____________ К.Уразова - тәрбиеші