Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік
мекеменің «Боташым» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА
І. Кіріспе
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боташым» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі мектепке дейінгі ұйым) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары заңды тұлға болып табылады.
Балабақша 1жастан бастап мектеп жасына дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеп, оқытады, медициналық бақылау және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қыржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 1 балабақша меңгерушісі, 1 әдіскер, 9 тәрбиеші, 1 психолог маман, 1 ағылшын тілі мен орыс тілі пәні мұғалімі, 1 дене нұсқаушысы, 1 саз жетекшісі, 5 көмекші тәрбиеші, 1 медбике, 1 есепші, 1 шаруашылық меңгерушісі, 2 аспазшы, 1 кір жуушы, 2 жұмысшы барлығы 28 қызметкер жұмыс жасайды
Балабақшаның жобалық қуаты: 95. Қолданысқа берілген жылы: 2010
Бала саны: 95. Топтар сан: 5.
Пошта индексі: 060412
Байланыс телефондары : 8(71233)3-35-94
Әр топта жеке жатын, оқу-ойын, әжетхана бөлмелері бар. Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен, жаңа жиһаздармен жабдықталған.
Оқыту тілі: Мемлекеттік тілді жұмыс жасайды
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Балабақшадағы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.
Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Боташым» бөбекжай балабақашсы МКҚК. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, сафон ауылы, Бейбітшілік көшесі 49 үй. Тел: 8(71233)3-35-94, эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:
Басталды: 09 желтоқсан 2019 жыл Аяқталуы: 11 желтоқсан 2019 жыл
- Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 20 желтоқсан аралығы.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Балабақша бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2018 жылдың 25 желтоқсан күнгі № 75 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар қызметкерлерге таныстырылып сәйкесті жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылуда
1) 2019 жылы балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: барлығы 87 бұйрық берілген.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
4) Балабақша меңгерушісінің табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы үнемі бақылауда.
Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Балабақша қызметшілерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.
Балабақша қызметкерлеріне 2019 жылдың 12 айында тәртіптік жаза берілген жоқ. Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда.
5) Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.
2019 жылдың 12 айында: шаруашылық заттарды сатып алуға 150 000 теңге, ойыншықтар сатып алуға 225 000 теңге, канцеляриялық тауар сатып алуға 170 000 тенге қаржы бөлінді.
Балабақшаның дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Балабақша ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Балабақшаның сенім телефоны ретінде 3-35-94 нөмірі бекітілген.
ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :
1) Балабақшаның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Т. Утегулова - балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)3-35-94.
Балабақша қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
ІІІ. Қортынды:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боташым» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- _________Т. Утегулова – балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі
- _________Б. Тулегенова – балабақша әдіскері, жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
- ____________ Б. Кенжегалиева – тәрбиеші,
- ____________ Л. Абдулова – балабақша медбикесі
- ____________ М. Джардемова – шаруашылық меңгерушісі