«АТЫРАУ  ОБЛЫСЫ     ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  КАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

«БАЛДЫРҒАН» БАЛАБАҚШАСЫ   МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ  КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

МКҚК «Балдырған» балабақшасы  жас ерекшелігіне қарай 2 топқа топтастырылған. Жобалық қуаттылығы 50, Екінші кіші топ (Қызғалдақ) және Ортаңғы топ (Балапан) . Оқу жылы бойынша балабақшадағы оқу-тәрбие  жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік құжат «Зерек бала» бағдарламасы  бойынша жаңа технологиялық бағдарламалар кірістіріліп өтіледі. Оқу тәрбие үрдісі 10 педагог мамандарымен қамтамасыз етілген,оның ішінде жоғарғы  білімді-7, арнаулы орта-3 педагог, 1 санатты-3, 2 санатты-4 педагог және 15 қызметкер еңбек етуде. Штаттың кадрмен қамтамассыз етілуі толықтырылған. Ауылымызда бала-бақша кезегін күтіп 85 бүлдіршін есепте тұр.

«Балдырған» балабақшасына 2017 жылы 8 бейнебақылау камерасы және 2018 жылы 8 бейнебақылау жүйесі орнатылды жалпы балабақшада 16 камера орнатылды. Ғимараттың жалпы  жағдайы жақсы. Медициналық блок бөлмелер нормаға сай орналасқан:

  • Құрал жабдықтары жеткілікті
  • Дәре-дәрмектердің сақталу тәртібі дұрыс
  • Ауырған балаларға арналған оқшалау бөлмесі бар
  • Медициналық құжаттар іс-номенклатурасына сай келеді

Балабақшаға жыл бойына республикалық бюджеттен 7829000 теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен 20409000 теңге бөлінді. Оның ішінде еңбек ақыға , жарыққа , суға көгілдір отынға, дезинфекцияға, дәрі-дәрмекке, телефонға, газет-журналға, ел ішіндегі сапарларға бөлінген қаржы  жаратылды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мекемеге сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік мекемесі .

Мекен  жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы,  Құрманғазы ауданы , Орлы ауылы, ҚҚұрманғалиев көшесі 1 үй, тел. 8/71233/3-55-57 . эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

        3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды 10 қаңтар 2020 жыл.

  1. Бақыланатын кезең : 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

 

ІІ.2019 оқу жылында балабақша тәрбиеленушілермен тәрбие шаралары , ата-аналармен тренингтер өткізілді.

 

1 қыркүйек білім күніне орай «Білім бастауы балабақшадан» атты түсінік жұмысы өтті.

22 қыркүйек тіл мерекесіне арналған топтарда «Тіл – ұлт тірегі» , «Ұстаз-ұлы тұлға» ертеңгілігі өтілді. «Ана тілім байлағы» және «Ұстаз – ұлы есім» атты түсінік жұмыстары өткізілді.

Алтын күз мерекесіне орай «Жомарт күз», «Берекелі алтын күз», «Күзгі табиғат» серуен.

«Жолда жүру ережесі»  , «Жолдан сақтан бүлдіршін» атты  бүлдіршіндер өмір қауіпсіздігін сақтау бағытында түсінік жұмыстары  серуен өткізілді.

«Респираторлық ауруларды үй жағдайынды емдеу» тәрбиелік жұмыс өтті.

1 желтоқсан Президент күніне «Тұнғыш Президент» , «Тұғыры биік- Елбасы!», 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – киелі ұғым» , «Тәуелсіздік ел тірегі» ертеңгілігі және жаңа жыл мерекесіне орай «Жаңа жыл!» , «Төрлет Жаңа жыл !»  мерекелік шаралар өтілді.

 «Рухани жаңғыру ертеңіміздің кепілі» атты түсінік жұмысы өтті.

«Алтын күз» атты ертеңгілік мектеппен байланыс  арқылы өтті.

Ашық есік күні әр айсайын өткізіліп, ата-аналармен пікір алмастық.

«Балабақша мен ата-ананың бірлігі» атты баяндама  ата-аналарға оқылды.

Кеңес пунктінде тіркелген ерекше бала жоқ.

Кәсіподақ жұмысы : 22 наурыз , ұстаздар мерекесі және жаңа жылдық шыршаға байланысты шаралар өткізілді.

Бисалиева Айслудың зейнеткерлік жасқа шығуына шара өткізілді.

 

ІІІ. Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы туралы мәлімет:

 

«Балдырған» балабақшасы  «Балаларды  мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық  қағидаларын бекіту туралы ҚР Ұлттық экономика министірінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №615 бұйрығымен жұмыс жасаймыз. Жоспарға сай іс-шаралар өткізіліп отырады.

 «Кір қолдан жұғатын аурулар» балаларға кеңес, «Біз шыныққан баламыз»  және «Шынықсан шымыр боларсың» атты спорттық сайыстар өтті. «Респираторлық ауруларды үй жағдайынды емдеу» тәрбиелік жұмыс , балаларға және ата-аналарға кеңес берілді. «Тұмаудан сақтану»  қызметкерлер мен ата-аналарға ағарту жұмыстары жүргізіліп , балабақша медбикесінің баяндамасы тындалды.«Дәрумендер денсаулық кепілі» ата-аналарға кеңес   берілді.

 

 ІV.  Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында  түсіндірме жұмысын жүргізу .

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы бұрыш жасау.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ-ата аналарға  түсінік жұмысы.

Адалдық асыл қасиет-тәрбие сағаты.

 Қамқоршылық кеңес құрылды:

Мүдделер қақтығысы жоқ.

Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізілді.

Бос лауазымдарға конкурстарға жұмыспен қамту бөлімі арқылы жүргізіліп отырды.

Балабақшаның мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан әдеп  нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

 Мемлекеттік қызметшілерге 2019 жылдың 12 айында бөлімнен тәртіптік жаза берілген жоқ.

 

V.Қорытынды:

 

 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Ата-аналармен қызметкерлерге жоспарға сай түсінік жұмыстары жүргізіліп отырылады.

 

  1. _______________Г.Жуматаева – балабақша уақытша әдіскері, жұмыс тобының жетекшісі
  2. ________________М.Дюсенова – мекеме тәрбиешісі, жұмыс тобының хатшысы

 Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. ____________ Г.Кажигалиева – мекеме саз жетекшісі

       4.____________ Г.Темиралиева  - мекеме есепшісі