Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылдың қаңтар айына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Құрманғазыауылы                                                                 10.01.2020 жыл

1.Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясы туралы Ережеге, сондай-ақ Тексеру комиссиясының Регламентіне сәйкес жұмысшы топ тексеру жұмысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.

Тексеруші жұмысшы топпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2019 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның  ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қырқүйектегі № 450 қаулысымен құрылды.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігі болып табылады.

Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субьектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Атырау облысы Құрманғазы ауданы аудандық білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Кәсіпорынның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Қыдыр ата көшесі, 125 уй.

 

Балабақшадағы жалпы қызметкерлер саны:77

Олар:

Р/с

Лауазым атауы

Штаттық бірлік

1.

Меңгеруші

1

2.

Әдіскер

2

3.

Психолог

1

4.

Бейінді оқытушы

1

5.

Саз жетекшісі

2

6.

Дене нұсқаушысы

1,5

7.

Тіл маманы

2

8.

Дизайнер

0,5

9.

Тәрбиеші

27

10.

Көмекші тәрбиеші

14

11.

Есепші

1,5

12.

Шаруа. меңгерушісі

1

13.

Медбике

1,5

14.

Емдәмбике

0,5

15.

Аспаз

3

16.

Қоймашы

1

17.

Кір жуу операторы

3

18.

Кастелянша

1

19.

Жұмысшы

4

20.

Аула сыпырушы

1

21.

Күзетші

3

22.

От жағу қазанының операторы

2

23.

Сантехник

1

24

Электрик

1

25.

Хатшы

1

Жалпы штат бірлігі:78,2

 

Балабақша бойынша 2018 жылдың 26 желтоқсан айында № 01-09/68  санды бұйрығымен Жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топтың құрамы:

  1. Балабақша меңгерушісі Ж.Ш.Абдуллина – төрайым,топ жетекшісі;
  2. Балабақша әдіскері А.Х. Куттымуратова –балабақшаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына жауапты тұлға;
  3. Ата-аналаркомитетініңтөрайымы –Г. Кулжанова;
  4. ҚамқоршылықкеңесқұрамыныңтөрайымыҚ. Аманбаева–топ мүшесі;
  5. БастауышкәсіподақұйымыныңтөрайымыШ.Досқалиева –топ мүшесі;
  6. 6.Балабақша есепшісі Э.М.Телеуғалиева–топ мүшесі;
  7. Ісқағазынжүргізуші Б.Талапқалиқызы. –хатшы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы  бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Балабақшаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының  2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» балабақша бойынша 2018 жылдың 07 тамыз күнгі №01-09/52 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар мазмұнына сай жұмыстар жүргізілді.

1) 2019 жылы балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: барлығы 19 бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға аудандық «Жұмыспен қамту орталығына» сұраныс жіберу арқылы жұмысқа қабылданады.Жұмысқа қабылданған қызметкерлерге заңамаға сәйкес бұйрық шығарылып,  еңбек шарты жасақталынады.

4)Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің  (Педагогикалық этика) талаптарын қатаң сақталуы, моралдық-этикалық климатты жақсарту шараларына көңіл бөлу, балабақшада ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, педагог  қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

5)Балабақша қызметкерлерінің  тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

6)Жыл бойына қызметшілерге  тәртіптік жаза берілген жоқ. Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ.

7)Балабақшада мемлекеттік сатыпалу туралы заңнамаларының нормаларын  сақтау міндеттелген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағытында 2019 жылы республикалық бюджет трансферттер есебінен бір жылға арналған қаржылық жоспар 16 647 000 теңгені құрады және 16 647 000 теңге жаратылды; жергілікті бюджет қаражаты есебінен 78 189 000 теңге бөлініп 78 189 000 теңге жаратылды. Игерілуі 100%.

Балабақша дәлізінде  арнайы «Сыбайлас жемқорлыққ қарсы күрес»  тақырыбында ақпараттық стенд жасақталған және үнемі жаңғыртылып тұрады. Сонымен бірге, 2019 жылы «Мақсатымыз – жемқорлықты жою» тақырыбында ата-аналар арасында жадынамалар таратылды.  Балабақшамызда ата-аналар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Сенім телефоны ретінде 2-40-51 нөмірі бекітілген.

Балабақша қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

 

ІІІ. Қортынды:

 Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының  жұмысшы топ қызметінде - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау қортындысы негізінде ұсынылады:

  1. Жаңадан енгізілген заңнамалар бойынша техникалық түсіндірме сабақтарын өткізу;
  2. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың түбі неге жеткізетіндігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастыру;
  3. Ашық есік күндерін, «адалдық сағаттар» өткізу.

Жұмысшы тобы:

  1. ____________Ж.Ш.Абдуллина – төрайым,топ жетекшісі;
  2. ____________А.Х. Куттымуратова –балабақша әдіскері, топ мүшесі;
  3. ____________Г. Кулжанова – ата-аналар комитетінің төрайымы;
  4. ____________Қ. Аманбаева –ата-ана, топ мүшесі;
  5. ____________Ш.Досқалиева –педагог-маман, топ мүшесі;
  6. ____________Э.М.Телеуғалиева–балабақша есепшісі, топ мүшесі;
  7. ____________ Б.Талапқалиқызы –іс қағазынжүргізуші,топ хатшысы.

 

 «10» желтоқсан2019 жыл