«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
І. Кіріспе
«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі –кәсіпорын)- балабақша меңгерушісі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.
Балабақшада қызметкерлер саны-29; Олар: 4 ( әкімшілік -меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі,есепші,әдіскер ) 9- тәрбиеші, 5- көмекші тәрбиеші,2-аспаздар,1-медбике,1-психолог,3-күзетші,4-оператор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Балабақшадағы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны: мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Ж.Нығметов көшесі 15 үй, тел.: 8(71233)2-53-38 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:
Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.
- Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында сәйкесті жоспарлау жұмыстары балабақшада да жүзеге асырылды.
1) 2019 жылы балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: барлығы 0. Балабақшадағы тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындаулар заң негізінде жүргізіледі.
Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. 2019 жылдың 12 айында: 7 бос уақытша және тұрақты орынға сұраныс беріліп,конкурс жарияланылды.
4) Балабақша меңгерушісі Г.К.Кисамеденова табыстары мен мүліктері туралы декларацияны уақытылы тапсыруда.
Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда.
5) Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.
2019 жылдың 12 айында: жылу радиаторларына арналған қоршаулар мен су айдайтын қондырғыға – 628,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді.
2019 жылы балабақша бойынша 38 546,0 мың тенге қаржы жоспарланып, 38 546,0 мың теңгесі игеріліп, бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілу көрсеткіші 100 пайыз болды.
6) Балабақшаға балаларды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес іске асырылып, барлығы 25 ата-анаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Балабақша меңгерушісіне 2019 жылдың 12 айында барлығы 25 өтініш (еңбек демалысын беру туралы) түсті. Оның барлығы қанағаттандырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша балабақшада стенд жасақталып, ілінген.
Мекеме дәлізінде арнайы «Жемқорлыққа –жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Мекеме ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Балабақшаның сенім телефоны ретінде 2-53-38 нөмірі бекітілген.
2019 жылдың 24 қыркүйегінде балабақша психологы Б.Абуева,әдіскер Сужикова Г. ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Мемлекеттік қызметті қалай пайдаланасыз?» тақырыбында ата-аналар мен қызметкерлердің қатысумен дөңгелек стол,семинар ұйымдастырылды. Онда баяндамалар оқылып,тақырыптық ролик көрсетілді,пікірталас жүргізіліп,барлық қатысушыларға тақырыптық жадынамалар үлестірілді және сауалнамалар ұйымдастырылды.
Балабақшаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттар Құрманғазы аудандық білім бөліміне уақытылы жолданып отыр.
ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :
1) Балабақшаның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Г.Кисамеденова- балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-53-38.
Балабақшаның ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
ІІІ. Қортынды:
«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
- ____________Г.Кисамеденова – балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі
- ____________Г.Сужикова – балабақша әдіскері, жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
- ____________ Б.Абуева – балабақша психологы
- ____________ У.Мендигазиева – балабақша есепшісі
- ____________ А.Рамазанова – балабақша тәрбиешісі