МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық

АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

МКҚК«Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасы А.Аубекирова – балабақша басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Балабақша ішілік сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

МКҚК«Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасы.Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Балқұдық ауылы, Төле би  көшесі 2 үй, тел.: 8(71259)41-4-79  эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

МКҚК«Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы        26 желтоқсандағы  № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы   №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында  «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының   2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы»  бөлімінің      2017 жылдың  28 желтоқсан күнгі     №908 санды  бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып,  мемлекет  қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. 

Балабақшаның педагогикалық ұжым тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

Балабақша  ұжымына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы таныстырылуда.

Балабақшада ақша жинауды болдырмау,балабақшамен қоштасу мерекелерде тәрбиешілерге сыйлыққа ата-аналардан, балалардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.

МКҚК«Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру- бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең жазаланасың!» және «Параға емес, биікке ұмтыл!» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері  көрінікті жерге ілінді,.

Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен балалардың  және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.

«Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық» тәрбиелеу мәнінде балабақша ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде.

        

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

  • Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: У.Кокшева – әдіскер-психолог, жұмыс тобының жетекшісі.

  ІІІ. Қортынды:

МКҚК «Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
  1. ___________ У.Кокшева-әдіскер-психолог,жұмыс тобының жетекшісі
  1. ___________ Б.Шапиева- тәрбиеші, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері 

  1. ____________ А.Аубекирова - балабақша меңгерушісі  м.а
  2. ____________ А.Амирова- балабақша есепшісі
  3. ____________ У.Кокшева-әдіскер-психологі
  4. ____________ Ш.Джиенгалиева - тәрбиеші