АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕсіНІҢ «Айсамал» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

«Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айсамал» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік мекемесі

( бұдан әрі-балабақша)-балабақша меңгерушісі  басқаратын өз құзыреті шегінде «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.

Балабақшада   19      қызметкер жұмыс  істейді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Балабақшадағы  сыбайлас жемқорлықтың  туындау себептері мен жағдайын

сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып,сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдауы  жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мониторингтің  нәтижесі  туралы ақпаратты  ұсыну.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау  облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Айсамал» балабақшасы мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы мен байланыс  мәліметтері:Атырау облысы,

Құрманғазы  ауданы,Приморье   ауылы,Дина Нұрпейісова 12 үй.

Тел:8(71233 )3-76-61 эл.поштасы:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.           

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.

Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

 

ІІ.Ақпараттық- талдамалық бөлім

Балабақша  бойынша  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан   Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v Заңы  басшылыққа алынып, «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың  іс-қимыл шараларының 2019жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімнің 2018 жылдың 29 желтоқсан күнгі №814 санды бұйрығын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында балабақшада іс -шаралар жоспары жасақталдып, жүзеге асырылуда.

  1. Құқықтың актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда.Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында балабақшада бұйрықтар кітабының  жүргізілуі бақыланып отыр.
  2. Мүдделер қақтығысы жоқ.

 3.Балабақша педагогтарының әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз ету бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

4.Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда.«Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуды алдын алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: балабақшада мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп,желтоқсан айында қорытындысы жинақталып отырады.

 Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу)мәселесі қатаң сақталады.

Бюджет қаражатының уақтылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде.

  1. Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес,2019 жылғы

11 айлығында  мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру  мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде дәлізде ақпараттық стенд жасақталып,ілінген,жыл ішінде жаңартылып отырады.

6.Балабақша бойынша 2019 жылдың 11 айында жеке тұлғадан және  заңды тұлғадан өтініш-арыздар келіп түскен жоқ.

  1. Балабақша ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «Сенім жәшігі»орнатылған.Оған балабақшаның сенім телефоны ретінде 3-76-61 нөмірі бекітілген.
  2. Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бұрыш жасақталды.Жыл ішінде материалдары өзгертіліп отырады.

Балабақшада ақша жинауды болдырмау,мерекелерде педагогтерге сыйлыққа

ата-аналардан,балалардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.Балабақшада «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» стендісі балабақшаның көрнекі жері дәлізде кіре берісте ілінді.

Балабақшада «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» , «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең-жазаланасың!» , «Параға емес,биікке ұмтыл!» «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып,балабақшада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», «Сыбайлас жемқорлыққа –жол жоқ»,балабақшаның ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға және балабақша дәлізіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы стендісіне ілінді.

Жыл ішінде  таратылған жадынамалар саны:

 

Кезекті даярланған жадынама тақырыбы

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде таратылым саны

Балабақшаішілік шаралардағы таратылым саны

Ата-аналарға

Педагогтерге

Ата-аналарға

Педагогтерге

1

«Пара берсең жазаланасың»

20

9

20

9

2

«Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады»

20

9

20

9

 

Балабақшада жұртшылық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшы тарапынан бақыланып отыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі,насихаттау жұмыстарының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында талқыланып,қаралды.

 Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы  фактілерге жол бермеу мақсатында балабақшаның  қызметкерлері  және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.Мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты,халықты ақпараттандыру мақсатындағы жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Балабақша қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық  құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің « Айсамал» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру;

      

  1. ____________А.С.Тунгатарова–балабақша меңгерушісі,жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________Р.С.Алекенова– балабақша әдіскері, жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

  1. ____________ З.М.Насипова – кәсіподақ төрайымы
  2. ____________ З.Р.Есенова-шаруашылық меңгерушісі
  3. ____________ Н.Құдайбергенова-балабақша медбикесі