МКҚК «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерінің ішкі  талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық

 АНЫҚТАМА

1.Кіріспе 

МКҚК «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы М.Кереева – балабақша басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Балабақша ішкі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді: МКҚК «Айгөлек» бөбекжй балабақшасы. Мекены жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылы, Бөкейхан 17 ,тел.:8(71233)5-53-33, эл. Пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

II.Ақпараттық-талдау бөлімі 

МКҚК «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру «іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімнің 2017 дылдың 28 желтоқсан күні №908 санды бұйрығымен іс-шаралар жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына тартылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақтауы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Балабақшаның педагогикалық ұжым тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ. Балабақшада 2019 жылғы 2-7 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені»  Республикалық апталығы аясында жасалған жоспарға сай мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне арналған «Ашық есік» күні шарасы «Менің мемлекеттік қызметім-отбасының мәртебесі» тақырыбымен 2019 жылдың 9 қыркүйек күні ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша балабақшада  стенд жасақталып, ілінген. Балабақша ұжымына сыбайлас жемқорлық байланысты жоғарығы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы таныстырылуда. Балабақша дәлізінде арнайы   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Сонымен бірге, ата-аналар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Балабақшада ақша жинауды болдырмау, балабақшамен қоштасу мерекелерде тәрбиешілерге сыйлыққа ата-аналардан, балалардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Балабақшада «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең жазаланасың!» және «Пара емес, биікке ұмтыл!» тақырыбымен  халық арасында  насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрнекті жерге ілінді. Балабақшада сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен балалардың және олардың  ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған. «Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу»  мәнінде балабақша ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру   мақсатын  көздеген  түрлі жоспарлы шаралар  уақытылы өткізілуде. 

III.   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:  

1)   Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

2)   Балабақшаның ұйымдастырушылық-басшылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Е. Кубашева- әдіскер, жұмыс тобының жетекшісі.

 

Қортынды: 

МКҚК «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі  талдауы  жүргізу қортындысы бойынша ұсынады. 

1.     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізілуді жетілдіре жалғастыру;

2.     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

       1.______________ Е. Кубашева әдіскер, жұмыс тобының жетекшісі

       2.______________  Г.Таушева психолог, Жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері:

       3.___________М. Кереева –балабақша меңгерушісі

  1. __________Э.Телеуғалиева балабақша есепшісі

      5.___________ У.Убишова тәрбиеші

  1. ___________Н.Салиева тәрбиеші