АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «АҚТОЛҚЫН» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.
І.Кіріспе
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі –мектепке дейінгі ұйым) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Атырау облысыҚұрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
Балабақшада қызметкерлер саны-31 ; азаматтық қызметшілер саны-13. Олар меңгеруші-1 әдіскер-психолог-1, саз жетекші-1, орыс тілі маманы-1, тәрбиеші-9.
18 техникалық қызметкерлер; Олар шаруашылық меңгерушісі -1, есепші -1, тәрбиеші көмекшісі-5, басқа да техникалық қызметкерлер , барлығы 31 қызметкер жұмыс істейді.
2019жылға балабақшада штат саны – 29,25 бірлікті құрайды, бос лауазымдық орын жоқ.
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Балабақшадағы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мекен жайы:Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Жұмекен ауылы,Қ.Өмірбаев көшесі-9үй. Тел 8(71233)3-17-08. Эл.поштасы:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:
Басталды :06қаңтар 2020жыл, аяқталды 10 қаңтар 2020жыл.
Бақыланатын кезең 2019жылдың 01 қаңтары мен 2019жылдың 31 желтоқсан аралығы.
ІІ.Ақпараттық –талдамалық бөлім
«Ақтолқын» балабақшасы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы мен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының2015жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, балабақшаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс қимыл шараларының 2019жылға арналған жоспарын бекіту туралы балабақша меңгерушісінің 2018жылғы 03 қыркүйек күнгі № 61санды бұйрығымен іс-шаралар жоспары жасақталып, барлық қызметшілерге таныстырылып сәйкесті жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылуда.
1)2019жылы «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы нормативтік құқықтық сипаттағы және әкімшілік шаруашылық , жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 188 бұйрық шығарылған.Аталған актілерге талдау нәтижесінде жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.
2)мүдделер қақтығысы жоқ.
3)Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Ағымдағы жылда тәртіптік жауапкершілікке 2 адам тартылып, оған ескерту жарияланды. Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Жағымсыз қылықтармен жұмыстан босатылғандар, лауазымы бойынша төмендегендер, алмастырулар болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу
Балабақша қызметіне қажетті тауар, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы айқын және ашық электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандайда бір байланысқа түсуге мүмкіндіктің болмауына байланысты, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол берілмейді.
Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлы қолтаңбаны басшының өзімен қою(өзге тұлғалрға бермеу) мәселесі қатаң сақталады.Бюджет қаражатының уақтылы және толық игеріліуі бағытында жұмыстар жүргізілді. Жоспарланған қаржы 34 млн,41000тенге, толықтай игерілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы » және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » заңдарының, педагогикалық әдеп қағидалары талаптары қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады
Балабақшада мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2019жылдың 12 айлығында 48ата анаға мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін қызметтер жасалып, осы қызметтер бойынша бұзу фактісі болған жоқ. Балабақшада ата-аналармен мемлекеттік қызметтер бойынша үнемі түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру және насихаттау бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты стенді жаңартылып отырады.Ұжым мүшелеріне және ата-аналарға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Балабақша меңгерушісі мен әдіскері әр айдың соңында сенім жәшігін тексеріп отырады. Осы уақыт аралығында сенім жәшігіне арыз-шағым түскен жоқ.
«Адалдық сағаты» балабақша қызметкерілерімен кең көлемде ұйымдастырылды. «Адалдық сағатында» қызметкерлерге арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.
Заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін балабақша қызметкерлерімен , ата-аналармен құқықтық сауатсыздықты жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Балабақша қызметкерлері өздерінің құқықтарын өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл жасау керектігінің нақты жолдарын біледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.
III Қорытынды және ұсыныстар
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы МКҚК «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген тұжырымға келді.
Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар:
- құқықтық білімді насихаттау бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізу;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге өз үлестерін қосу.
Ішкі талдауды жүргізгендер
А.Камидуллина –балабақша меңгерушісі, жұмыс тобының мүшесі
Г.Каусова – балабақша әдіскері , жұмыс тобының хатшысы
Жұмыс тобының мүшелері
К.Сабирова-кәсіподақ ұйымының төрайымы
Т.Ажитова- балабақша тәрбиешісі
Н.Нигметуллина-балабақша медбикесі.