пппрр«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ

АНЫҚТАМА

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»   мемлекеттік мекмесінің «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  жедел басқару  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»   мемлекеттік мекемесінің «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына бір  жастан бастап мектеп жасына дейін жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау,сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын,мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.

Балабақшада  барлығы 35 қызметкер жұмыс істейді (балабақша меңгерушісі, 1-әдіскер, 1-психолог, 1-орыс тілі мұғалімі, 1-ағылшын тілі мұғалімі, 1- саз жетекшісі, 9 тәрбиеші, 16 техникалық қызметкер, 4- жылу қазанының операторы) 4 топтық, 90 орындық, 90 баламен қамтамасыз етілген.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Балабақшадағы  сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Алға ауылы, Мақаш Аким көшесі 16А үй, тел.: 8(71233)3-31-16 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 06 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 10 қаңтар 2020 жыл.

  1. Бақыланатын кезең: 2019 жылдың 01 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Ақмарал» бөбекжай балабақшасы бойынша  Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Аудандық білім бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының  2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» 2018 жылдың 29 желтоқсан күнгі №814 санды бұйрығымен «Ақмарал» бөбекжай балабақшасының   іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша жұмыстар  жүзеге асырылды.

1)2019 жылы балабақшада қабылданған құқықтық акті саны: барлығы       281 бұйрық берілген. Балабақшадағы түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар мен бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2)Мүдделер қақтығысы жоқ.

3)Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Жыл ішінде 6 қызметкер жұмысқа алынды. Жылу қазанының операторы-4, қарауыл-1, жұмысшы-1.

 

Балабақшада  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

2019 жылы балабақша бойынша 37372,0 игеріліп, бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілу көрсеткіші  100 пайыз болды.

6) Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша ауыл тұрғындарына және педагогтарға  барлығы 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Балабақшаға 2019 жылдың 12 айында барлығы 47 өтініш түсіп, уақытылы жауап беріліп, орындалды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша балабақшада  стенд жасақталып, ілінді.

Балабақшаның дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Балабақшаның ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Бөлімнің сенім телефоны ретінде 87752522051 нөмірі бекітілген.

2019 жылдың 15 қазан  күні балабақша әдіскері Ш.Нуришованың ұйымдастыруымен «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» тақырыбында округ әкімінің, педагогтардың қатысумен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

 

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Балабақша қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)   Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Ш.Нуришова- балабақшаның әдіскері, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)3-31-16

Балабақшада төмендегідей тәртіп бұзушылықтар анықталды:

1) Жұмыскер  бір жұмыс  күні ішінде  дәлелді себепсіз үш және  одан да көп сағат  бойы жұмыста болмағаны үшін балабақшаның ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшысы  Оспанов Сайфулла Шапеновичке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (Бұйрық №13, 12.03.2019)

2) Балабақша тәрбиешісіне қатысты  ата-ана арызын зерделеу қорытындысымен өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін  балабақша тәрбиешісі Қ.Бекішқызына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

(Бұйрық №109,11.11.2019ж)

        

Балабақша  қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. ____________Н.Нуришова – балабақша әдіскері, жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________А.Ержан – балабақша тәрбиешісі, хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

  1. ____________ Ж.Құзайырова – кәсіподақ төрайымы
  2. ____________ Г.Қуангалиева – психолог
  3. ____________ А.Амирова – есепші