«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мкекмесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық

АНЫҚТАМА

І.Кіріспе

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі-мектепке дейін ұйым) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық- құқықтық нысанындағы жүзеге асыратын жергілікті атқарушы мемлекеттік мекеме.

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын  үш жастан бастап мектеп жасына дейін жеткенше тәрбиеленушілерді  тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.

Балабақшада 24 қызметкер жұмыс істейді. Балабақшамыз 2 топтық, 50 орындық, 50 баламен қамтамасыз етілген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

1.Сыбайлас жемқорлыққы қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы, Құрманғазы аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.                                                                                                                   Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Котяев ауылы, Құрманғазы көшесі 51, тел: 8(71233)61-4-81

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:     Басталды: 05 01  2019 жыл, 6  01  2020  жыл аяқталды.

3.Бақыланатын кезең: 2019жылдың01қаңтары мен 2019жылдың31 желтоқсан аралығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015 2025  жылға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 26 желтоқсандағы   №986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 29 жылтоқсандағы №814 санды бұйрығын басшылыққа алып, балабақша бойынша іс-шара жоспарыжасақталып, жүзеге асырылуда.

1) Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында балабақшаның бұйрықтар кітабының жүргізілуін бақылап отырады. 2019 жылы 60 жеке құрам, 20 негізгі бұйрық тіркелді.

2)Мүделлер қақтығысы жоқ.

3)Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.Жыл ішінде 1 бухалтер, 1 көмекші тәрбиеші, 1 қарауылшық, 1 оператор, 1 аспазшы маман жұмысқа алынды.

Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  іс*қимыл туралы» заңдарының ,Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің ар-мамыс кодексінің (Мемлекеттәк қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатан сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбилеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктерді үнемі таныстырылып, мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру  үшін түсінік жұмыстары  тұрақты жүргізіліп түрады.

 Балабақшаның  қызметшілерінің  тарапынан  әдеп нормаларын бұзу  фактісі болған жоқ.

 Қызметшілерге 2019 жылдың 12 айында балабақшада  тәртіптік  жаза берілген жоқ .Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ .

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауында  мемлекеттік қызметшілердің  жұмыстан кейін қалып,артық жұмыс атқару фактілерін тұбегейлі жою мақсатымен  де түсінік жұмыстары жүргізілді .Бұл мәселенің орындалысы қатан бақылануда .

  1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталу міндеттелінген.

 

Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмытар жүргізілуде. Жоспарланған қаржы 25216,0мың теңге. Игерілуі 100 пайыз.

6.Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айында мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша педагогтермен және ата-аналармен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде дәлізде ақпараттық  стенд жасақталып, ілінген жыл ішінде бірнеше рет жаңартылды.

Балабақша ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған «Сенім жәшігі» орнатылған.  Оған балабақшаның сенім телефоны ретінде 87016046066 номері бекітілген.

«Рухани-адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу мәнінде балабақша ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда ауданның барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар  уақытылы өткізілуде. Жыл ішінде өткізілген шаралар мониторингі:

Ата-аналар үшін өткен шара: Ата-аналар жиналыстарында балабақшалардың автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік қызмет түрін түсіндіру тақырыбында түсінік жұмыстары; Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Педагогтармен жүргізілген шаралар: Балабақшалардың автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік қызмет түрін түсіндіру тақырыбында түсінік жұмысы жүргізілді.

Барлық білім беру ұйымдарында  ақша жинауды болдырмау, балабақшаны бітіру мен мерекелерде сыйлыққа ата-аналардан, тәрбиеленушілерден ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отырады. Балабақшамызда «Пара берсең жазаланасың» «Пара беру-бас бостандығыңнан  және болашағыңнан айырады» «Параға емес биікке ұмтыл» т.б тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрнекі жерге ілінді

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Балабақшаның  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)   Балабақшаның  ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: С.Дюсекенова - балабақша меңгерушісі , жұмыс тобының жетекшісі.

 

Бвлабақша бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденетті және сыбайлас жемқорлықтын алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру
  1. ________________С.Дюсекенова - «Айгерім» балабақшасының меңгерушісі жұмыс тобының жетекшісі
  2. ________________К.Бисахова – «Айгерім» балабақшасының тәрбиешісі, жұмыс тобының хатшысы

 

Жұмыс тобының мүшелері

  1. _________________Т.Жалелова – кәсіподақ төрайымы
  2. _________________Қ.Досекешова – әдіскер

 

 

«Айгерім» балабақшасының меңгерушісі:                      С.Дюсекенова

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жөніндегі кесте

Мемлекеттік орган,ұйым, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің атауы

Талдау жүргізу мерзімі

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы қысқаша мәлімет

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар

Жүргізілген талдаудың интернет сайтқа орналасқандығы жөнінде сілтеме немесе скриншот

1

 МКҚК «Айгерім» балабақшасы

2019 ж 10  желтоқсан

«Айгерім» балабақшасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар жасақталып жоспар бойынша жұмыс жасалуда.2019 жылдың он бір айы бойынша қабылданған құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда Мүделлер қақтығысы жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.Жыл ішінде  еңбек кз порталы арқылы 3 маман жұмысқа алынды.

Балабақшада мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда.

Қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою мәселесі қатаң сақталады.

Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмытар жүргізілуде. Жоспарланған қаржы 25216 теңге. Игерілуі 100 пайыз.

Балабақшада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, 2019 жылғы 11 айлығындағы мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ. Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

------

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жөніндегі кесте

Мемлекеттік орган,ұйым, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің атауы

Талдау жүргізу мерзімі

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы қысқаша мәлімет

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар

Жүргізілген талдаудың интернет сайтқа орналасқандығы жөнінде сілтеме немесе скриншот

1

 МКҚК «Айгерім» балабақшасы

2019 ж 10  желтоқсан

 

Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

------