«KAZENERGY» қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына Мердігерлер (NCOC N.V., KPO B.V.) бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқауға (бұдан әрі – Байқау) өтінім қабылдау 25 шілдеден бастап 31 тамызға дейін ашылатынын хабарлайды. Қажетті құжаттар тізбесі мен Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында (Қызмет – Білім беру бағдарламасы – Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқыту) орналастырылған.
Байқауға қатысқысы келетін үміткерлер https://grant.kazenergy.com/ сайтында электронды өтінімді толтыруы қажет. Байқауға қатысуға қатысты сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172-79-49-75 немесе e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.






