Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, «Гаухар» бөбекжай балабақшасы және «Айжан»бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшыларының (меңгерушілері) бос лауазымдық қызметтері орнына конкурс жариялайды.
- «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бүлдіршін»бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылдық округының Балқұдық ауылы елді мекенінде орналасқан. Байланыс телефоны 8(71-259)-41-5-79
- «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар»бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округының Нұржау ауылы елді мекенінде Ж.Нығметов көшесі-7 үй орналасқан. Байланыс телефоны 8(71-233)-3-84-20
- «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айжан»бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дынгызыл ауылдық округының Жыланды ауылы елді мекенінде Әлімгерей Ысмағұлов көшесі-20 үй орналасқан. Байланыс телефоны 8(71-233)-3-93-77
- Қызметтің қысқаша сипаттамасы:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етуді үйлестіру мен оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасалуына бақылау жасау.
- Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 118260 теңгеден - 143810 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеті: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.
Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін;мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыс..
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғыжұмысорнынанөндірістікмінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежес ітуралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8)"Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттаманысан дарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығыныңжоқекендігітуралыанықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатындақылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуденөткенітуралықұжат (болғанжағдайда);
12) біліктіліктіарттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпісекі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар дакөрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесебілім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы(Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Х.Испуллаев көшесі, 66-А телефон: 8(71233)2-05-13 электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Құрманғазы аудандық білім бөлімінде жүргізіледі: Мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25телефон:8(71233)2-11-39
Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер базасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.





