Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі», «Шортанбай жалпы орта мектебі»,«Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі», «Н.С.Манаев атындағы жалпыорта мектебі»,«Н.В.Гоголь атындағы жалпыорта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелер  директорларының  бос лауазымдық қызметі орнына конкурс жариялайды.

  1. «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАтырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округының Құрманғазы ауылы елді мекенінде Зоя Жәнібекова көшесі, 22 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-2-14-03
  2. «Шортанбай жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАтырау облысы Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылдық округының Шортанбай ауылы елді мекенінде Әбу Сәрсенбаев, 16 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-3-21-11

3.«Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАтырау облысы Құрманғазы ауданы, Ұштаған ауылы елді мекенінде Қ.Рыскулбековкөшесі,9 үйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-233)-7-21-44

  1. «Н.С.Манаев атындағы жалпыорта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАтырау облысы Құрманғазы ауданы, Орлы ауылдық округының Орлы ауылы елді мекенінде Манаев көшесі, 11 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-3-54-02

5.«Н.В.Гоголь атындағы жалпыорта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАтырау облысы Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылдық округының Кудряшов ауылы елді мекенінде Бейбітшілік көшесі, 1Аүйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-233)-5-50-16

6.Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруды ұйымдастыру мен мектеп оқушыларының білім алуына қажетті жағдайлар жасалуы мен білім сапасы деңгейін  бақылау.

  1. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 124830теңгеден - 151354теңгеге дейін, негізгі, шағын жинақты мектептер үшін 118260 теңгеден - 143810 теңгеге дейін.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

 

Педагогикалық кеңесті басқарады.Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

 

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

 

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

 

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

 

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

 

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

 

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін   қойылатын талаптар:

бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларының3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрлардыесепкеалужекепарағыжәне фото;

6) алдыңғыжұмысорнынанөндірістікмінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8)"Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттаманы сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығыныңжоқекендігітуралыанықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатын дақылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауытуралыанықтама;

11) тестілеуденөткенітуралықұжат (болғанжағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпісекі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар дакөрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

 

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

 

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша  филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы(Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Х.Испуллаев көшесі, 66-А телефон: 8(71233)2-05-13  электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Құрманғазы аудандық білім бөлімінде жүргізіледі: Мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25телефон:8(71233)2-11-39

 

Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер  базасында өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.