30.07.2019
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қосымша білім беру мекемесі директорының бос лауазымдық қызметі орнына конкурс жариялайды.
- «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округының Құрманғазы ауылы елді мекенінде, Халит Испулаев көшесі- 59 үйде орналасқан. Байланыс телефоны: 8(71-233) 2-16-59,
- Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Оқушылардың дене дамуын нығайту мен жан-жақты дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру қызметін жүзеге асыру. Аудан мектептері оқушылары арасындағы аудандық білім беру бөлімімен бекітілген жоспардағы спорттық-бұқаралық іс-шараларды үш кезеңде: мектепішілік, аймақтық, аудандық ұйымдастыруда басшылық беру мен үйлестіру, Балаларды спорттық, әскери-патриоттық бағыттағы түрлі үйірмелерге тарту арқылы денсаулығын нығайту мен салауаттылыққа балу жұмыстарын және қолданбалы спорт түрлерін дамыту (авиамоделдік, кемемоделі, картинг, т.б.) қосымша білім беру саласының жұмыстарын үйлестіру.
- Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 124830 теңгеден – 151354 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеті:
Қосымша білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыру мен салауатты өмір салтын ұстануға, патриотизмге, азаматтыққа баулуды дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша аудан мектептерімен жұмысты мен өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Білуге міндетті: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін қойылатын талаптар:
1) жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің болуы
2) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда)
3) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубындамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы(Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Х.Испуллаев көшесі, 66-А телефон: 8(71233)2-05-13 электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Құрманғазы аудандық білім бөлімінде жүргізіледі: Мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25телефон:8(71233)2-11-39
Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер базасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.