«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын КММ Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары негізінде Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша өтініштердің қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
- Жергілікті өкілдік , атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
- Қамқошылық емес ұйымдардың өкілдері бар болса;
- Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір паралель сыныптан білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкіл;
- Қайырымдылық жасаушылар бар болса
Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі және өтініштерін мекеме әкімшілігіне тапсыруға болады.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілі қағидалары » қосымша тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі №335 бұйрығымен бекітілген
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»
МКҚК «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы
25 желтоқсан 2019 жыл