Педагогикалық тәжірибе — болашаққа жол
Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақкалиева Нургуль Талгатбековна — өз ісінің шебері, шығармашыл ұстаз, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданушы педагог.
Нургуль Талгатбековна 2006 жылы Халел Досмұхамедов атындағы университетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Ақкөл жалпы орта мектебінде бастаған. 2012 жылдан бастап Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінде білім беріп келеді.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жас мұғалімдер мектебінің жетекшісі қызметін атқаруда. Сонымен қатар, мектептегі «Дебаты» клубының орыс фракциясының жетекшісі, облыстық орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының Құрманғазы ауданы бойынша көшбасшысы.
Жалпы еңбек өтілі — 22 жыл. Педагог қазіргі таңда «Цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялау: теориядан практикаға дейін» атты тақырып аясында нәтижелі жұмыс жүргізуде. Өз тәжірибесінде білім беру сапасын арттыруда ІТ құралдары мен нейрожелілерді тиімді пайдалануды басты назарға алады.
Ол әлеуметтік желілерде де белсенді. Instagram, Facebook және Telegram парақшаларында әдістемелік идеяларымен, авторлық тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан мен ТМД елдерінің педагогтерімен кәсіби байланысты нығайтып келеді. Заманауи педагогика мен цифрлық білім беруге қызығушылығы – әріптестеріне шабыт, жас мұғалімдерге жол сілтер бағыт.
Ақкалиева Нургуль Талгатбековна — жаңашыл, көшбасшы, үнемі кәсіби дамуға ұмтылатын ұстаз!
Құрманғазы ауданы білім бөлімі әдіскері Жуманова Галия Сайхолқызы
«Цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялау:
теориядан практикаға дейін»
Ақкалиева Нұргүл Талғатбекқызы,
Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектеп,
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялар – оқытудың сапасын арттыратын, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты күшейтетін, жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі. Жаңа дәуірдің басты талабы – мұғалімнің сандық сауаттылығы мен икемділігі. Осы орайда, мен, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде, өз шығармашылық тақырыбым – «Цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялау: теориядан практикаға дейін» бағытында мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізіп келемін.
Сабақтарда оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу мотивациясын көтеру үшін Padlet, Wordwall, Quizizz, Kahoot, Canva, Genially, ChatGPT секілді платформаларды кеңінен пайдаланамын. Бұл ресурстарды грамматикалық тақырыптарды бекіту, мәтінмен жұмыс, эссе жазу, кері байланыс ұйымдастыру, әдеби шығармаларды талдау барысында тиімді қолданамын.
Мысалы, әдеби шығармалар бойынша оқушылар Padlet платформасында кейіпкерлерге «хат» жазып, олардың көзқарасын цифрлық түрде бейнелейді. Ал Canva арқылы әдеби викториналар мен комикстер жасап, өз ойларын шығармашылықпен жеткізеді.
ИКТ құралдарының артықшылықтары:
– Оқытуды дараландыру және саралау мүмкіндігі;
– Қашықтықтан оқыту форматтарымен үйлесімділігі;
– Уақытты тиімді ұйымдастыру;
– Визуалды және интерактивті оқу материалының көмегімен түсінуді жеңілдету.
Цифрлық ресурстарды тек сабақта ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарда – әдеби кештер, тіл апталықтары, дебат клубы аясында да пайдаланамын. Мектептегі «Дебат» клубының орыс фракциясын жетекші ретінде ZOOM, Google Meet, Telegram арқылы онлайн сессиялар ұйымдастырып, жас спикерлердің цифрлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосамын.
Оқушылармен бірге ғылыми жобалар дайындау барысында дереккөздерді цифрлық форматта талдауды, презентациялар мен инфографикалар жасауды, онлайн зерттеу әдістерін пайдалануды үйретемін. Жоба тақырыптары көбінесе цифрлық сауаттылық, әдебиетті заманауи тұрғыдан тану, әлеуметтік желілер мен тілдік мәдениет байланысын зерттеу бағытында болады.
Мектеп ішінде әріптестерім мен оқушылар үшін «Цифрлық білім беру мәдениеті», «Нейрожелілер және мұғалімнің кәсіби дамуы», «Жас мұғалімге арналған ІТ-құралдар» тақырыптарында ақпараттық сағаттар мен шеберлік сағаттары өткіземін.
Нейрожелілердің (ChatGPT, Copilot, Poe және т.б.) артықшылықтары:
– Шығармашылық ойлауды дамыту: оқушылар мен мұғалімдер жаңа идеялар мен мазмұнды бірлесіп құра алады;
– Жылдам кері байланыс пен түзету алу мүмкіндігі;
– Эссе, шығармалар, мәтін талдауы бойынша жеке көмек құралы ретінде қолдану;
– Мұғалімдерге сабақ жоспарын құрастыру мен оқу материалдарын саралауда үлкен көмекші.
Жас мамандарға арналған аудандық семинарларда өз тәжірибеммен бөлісіп, оларды интерактивті сервистермен жұмыс істеуге үйретемін. Сондай-ақ, тәжірибелі әріптестерге де цифрлық әдістерді пән мазмұнына кіріктіру жолдарын көрсететін шеберлік сабақтар мен ашық сабақтар ұйымдастырамын. Облыстық семинарлар аясында бірнеше рет ашық сабақтар өткізіп, тәжірибе тараттым.
Педагогикалық тәжірибем нәтижесінде цифрлық білім беру тақырыбына қатысты мақалаларымды республикалық басылымдарда жариялап келемін. Сонымен қатар, әртүрлі онлайн-вебинарлар мен воркшоптарға қатысу арқылы үздіксіз кәсіби даму үстіндемін. Білім беру платформалары арқылы (Coursera, Stepik, BilimLand, EdCrunch) онлайн курстардан өтіп, жаңа трендтерді практикада қолданамын.
Instagram, Facebook, Telegram парақшаларымда күнделікті педагогикалық тәжірибеммен бөлісіп, әріптестерге нақты құралдар, пайдалы сайттар, сабақ үлгілері мен әдістемелік лайфхактар ұсынамын. Әсіресе, нейрожелілерді оқу процесінде қолданудың мысалдарын, пайдалы сілтемелер мен практикалық кеңестерді бөлісуді тұрақты түрде жүргіземін. Бұл платформалар мен үшін педагогикалық алаңға, заманауи әдіскер мұғалімдердің қауымдастығына айналды.
Цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялау – бұл жай ғана құрал емес, ол оқытудың мәдениетін, тәсілін, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты жаңғыртудың жолы.
ИКТ мен нейрожелілерді шебер қолдану – заманауи мұғалімнің басты құзыреті. Теорияны практикамен ұштастыра отырып, менің басты мақсатым – заманауи, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, цифрлық сауатты тұлғаны қалыптастыру.
Аудандық марапат пен жетістіктері:
2019 жылы Аудандық оқушылар Үйі директорының Алғыс хаты,
2019 жылы Аудандық “Үздік авторлық бағдарлама” - 2 орын,
2019 жылы Аудандық Мұғалімдер пәндік олимпиадасы - 3 орын,
2020 жылы Аудандық “Ұздік сабақ”байқауында - 1 орын,
2021 жылы Аудандық кәсіподақ ұйымы басшысының Алғыс хаты,
2021 жылы Аудандық “Білім беру ресурстарының сабақта қолдану тәжірибемнен” - 2 орын,
2021 жылы Аудандық “Педагогикалық идеялар фестивалі” - 3 орын,
2021 жылы Аудандық “Білім беру трансформациялаудың өзекті бағыттары” - 3 орын,
2021 жылы аудандық «Қосымша білім беру ұйымының үздік ұстазы – 2021» - 3 орын,
2021 жылы Аудандық педагогикалық оқу - 3 орын,
2022 жылы Аналар кеңесі мен жас анала, жас отбасылар мектебінің аудандық деңгейде Дебатты сайысын ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат,
2023 жылы Аудандық “Словесник” байқауы - 3 орын,
2023 жылы Аудандық семинарда тәрбие бағытындағы жұмысым Алғыс хат, аудан көлемінде таратуға ұсынылды,
2023 жылы “Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен “Творческий поиск. Профессиональное становление молодых педагогов” тақырыбындағы семинарда шеберлік сағатын өткізгені үшін Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты,
2024 жылы “Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің жас мамандарына арналған “Жас мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру” тақырыбындағы семинарда шеберлік сағатын өткізгені үшін Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты,
2024 жылы Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының Алғыс хаты,
2024 жылы Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты,
2024 жылы аудандық Уоркшоп “Білім берудегі заманауи трендтер” - Алғыс хат.
Облыстық марапат пен жетістіктері:
2019 жылы Облыстық «Чтение- лучшее учение» байқауы 2 орын ,
2019 жылы Облыстық «Ұстаз бақыты- шәкірт құрметі» байқауы - 3 орын,
2021 жылы Облыстық «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы” бейнесабактар контентін жасауға қатысып, шығармашылық тұрғыдан белсенділік танытқаным үшін Алғыс,
2021 жылы Орал қаласының Білім беру бөлімі Республикалық конференциясы Сертификат,
2021 жылы Облыстық «Инновациялық қозғалыс: ізденіс және шешімдер» конференциясында жұмысы жинаққа енгізілді,
2022 жылы Облыстық ПИП Методикалық кабинет - 3 орын,
2022 жылы Облыстық ПИП Өрлеу- 1 орын,
2022 жылы Облыстық “Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы” семинары - Алғыс хат,
2023 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хаты,
2023 жылы Облыстық “Словесник” байқауы - 3 орын,
2023 жылы облыстық семинар Алғыс хат,
2024 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының Алғыс хаты,
2024 жылы облыстық семинар-практикум “Профессиональное саморазвитие учителя русского языка: методы, источники и достижения” - Алғыс хат,
2024 жылы облыстық семинар “Заманауи оқыту технологиялары ” Алғыс хат,
2024 жылы НИШ базасында «Дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы (WSDF)» контекстінде пікірсайыс клубтарын ұйымдастырудың жаңа әдістері аймақтық семинары аясында толық теориялық және тәжірибелік курсты тәмамдап, оқушыларға тренингтер өткізуге қажетті білім мен дағдыларға ие Дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы бойынша Өңірлік жаттықтырушы болып табылатындығын растады.
Республикалық марапат пен жетістіктері:
2019 жылы Республикалық “Алтын кітап” энциклопедиясына еніп, Құрмет грамотасы,
2020 жылы “Өрлеу” институты бейнесабақ контентінің авторы - Сертификат №000538,
2020 жылы республикалық “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы “Педагогикалық өлшеулер орталығы” ұйымдастыруымен семинары - Сертификат,
2020 жылы республикалық “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен семинары Сертификат,
2020 жылы “Қашықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін “Өрлеу” біліктілігі арттыру ұлттық орталығы басқарма төрағасы атынан Құрмет грамотасы,
2020 жылы Республикалык “Вестник” - “Кызылорда” журналына макала,
2020 жылы Республикалық “Ұстаздық еңбек” газетіне мақала,
2021 жылы Республикалық педагогикалық семинар - 1 орын,
2021 жылы “Қазақстан геологы” - Алғыс хат,
2022 жылы Республикалық ПИП Өрлеу - Сертификат,
2023 жылы республикалық РУМЦДО Қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен “Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы тәжірибесі негіздері” - Сертификат,
2023 жылы Қазақстан республикасы Оқу - ағарту министірлігінің “Республикалық ғылыми- практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы” республикалық сарапшылар дерекқорына еңгізілді және оқу басылымдарына сараптама жасау үшін сарапшы ретінде шақырылды, сонымен қатар «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері», «Разработка и экспертиза заданий для оценивания по предметам «Русский язык» и «Русская литература» в рамках обновления содержания среднего образования РК», «Развитие функциональной грамотности учащихся», «Қашықтан оқытуды үйренемін», “Развитие цифровых навыков педагогов”, «Оқулықтар мен электронды оқулықтарды сараптау» біліктілік көтеру курстарынан өтті, облыстық «Инструменты эффективного урока” тақырыбындағы вебинарларға қатысты.
Оқушылар жетістігі:
2019 жылы аудандық Хамза Жанель “Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы“ жобалар байқауы - Алғыс хат,
2019 жылы аудандық макет - жобалар байқауында Адильханулы Д, Серикбайулы Ж, Мухтаров А. - 2 орын,
2019 жылы аудандық “Осындай мамандық бар” байқауы “Презентация” номинациясы бойынша Сахташева Асылгул - 2 орын,
2019 жылы аудандық бейнеролик байқауы “Әлеуметтік жарнама” номинациясы бойынша Ауезов Султан - 2 орын,
2021 жылы аудандық «Мамандықтар әлемін ашамыз» байқауы, Хабибуллин А. - 3 орын,
2021 жылы аудандық пәндік олимпиада, Анесова Мадина - 3 орын,
2022 жылы аудандық “Өнертапқыштыққа бірінші қадам”байқауы Өмірбек Ербол - 1 орын,
2024 аудандық пәндік олимпиада, Сарсембай Думан - 2 орын,
2019 жылы облыстық окушылар арасындағы жобалар байқауы, Ахонова Дильназ - Сертификат,
2019 жылы облыстық КВН топтық ойыны - Алғыс хат,
2020 жылы облыстық кинофестиваль ролик байқауы, Ерланқызы Амангул
- 1 орын
2021 жылы облыстық “Қазақстан балалары шексіз әлемде”, Муслим Алтынбек - 2 орын,
2021 облыстық “Ең үздік бастама”, Сахташева Алтынгул - Алғыс хат,
2021 облыстық “Қазақстан балалары шексіз әлемде” Ауезов Султан - 2 орын,
2022 облыстық “Мамандықтар әлемін ашамыз” Асланұлы Ислам - Алғыс хат,
2022 облыстық “Қазақстан балалары шексіз әлемде” Төлеген Дияс - 1 орын,
2023 жылы Облыстық “Зерде” ғылыми жоба байқауында Булатова А. - І орын, Республика - Сертификат,
2024 жылы Облыстық “Қазақстан балалары шексіз әлемде” байқауы Маратқызы А.- 1 орын,
2024 жылы облыстық “Қазақстан балалары шексіз әлемде” байқауы Нагим М.- 2 орын,
2025 жылы облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль- байқауы, Берік Н. - Алғыс хат,
2020 жылы Республикалық “Письмо неизвестному солдату” шығармалар байқауы, Сахташева Асылгул - 2 орын,
2020 жылы Республикалык “Дарын” олимпиадасы Ғилманова Д. - 2 орын,
2020 жылы республикалық “Экостанга саяхат” Тажибаева Нургул - Грамота, Сертификат,
2022 жылы республикалық “Мен - репортермын” Өмірбек Е. - 2 орын,
2023 жылы республикалық “Мың бала” Анесова М, Әділбек Ж, Қабдулла Н. жеңімпаздар,
2024 жылы “Дарын” республикалық ғылыми - практикалық орталығы “Ақбота” зияткерлік конкурсынан бірнеше оқушылары жүлделі 2 орын иегерлері,
2024 жылы Республикалық «Объективте - жаз» Амангалиев Айбат - 2 орын.