Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен облыс көлемінде "Атырау Жаңа Мектебі" бағдарламасы іске асуда. Бағдарлама мектеп басқару командасының кәсіби қызметі үшін қажетті жаңа құзыреттілікті жетілдіру және білім беру ұйымында стратегиялық жоспарлау саласындағы кәсіби деңгейді арттыру мақсатын көздейді. Облыс бойынша 50мектеп, ауданымыздан Абай атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы, М.В.Ломоносов атындағы, Б.Бегалиев атындағы, Ақкөл жалпы орта мектептерінің басқару командасы бағдарлама аясында дәріс алуда. 7 модульді қамтыған бағдарламаның 2-модулінде облыс бойынша 50 мектептің басшылары, оның ішінде ауданымыздан атылмыш мектептің 5 басшысы: Ж.Хасанова, Т.Ажгалиева, А.Каменова, А.Каржуаова, С.Капуова Эстония мен Финляндия елінің жетекші мектептерінде 30 қараша -7 желтоқсан аралығында тағылымдамадан өтті. Білім беру саласында көш бастап тұрған елдердің тың тәжірибелерімен ашық түрде танысу, табысты тәжірибе игерлерімен бетпе бет жүздесіп, олардан дәріс алған мектеп басшылары басқарушылық қызметтегі тәжірибелерін тың идеялармен толықтырды. Бұл тағлымдама білімде шекара жоқ екендігін ұғындырып, мектеп директорларына жаңа серпін берді.
Эстония мен Финляндия елінің мектептерінде оқушылардың қажеттіліктеріне қарай шығармашылық жобаларға басымдық берілуі, барлық баланы тегін ыстық тамақпен қамтуы, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарындағы ерекше белсенділігі, сенімге негізделген білім беру жүйесінің ерекшелігі, яғни мектептерде тексеру жүргізілмеседе, халықаралық зерттеулерде жоғары көрсеткішке ие болуы. Екі елдің сапалы білім беру жүйесімен және инновацияларымен танысу барысында бірнеше білім беру ұйымдарында болып, тәжірибе жинап, кәсіби құзіреттерін дамытуға мүмкіндік алған мектеп директорлары жаңа міндеттемелерді межелеп отыр.