Білім беру саласында оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, олардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыру басты мақсаттардың бірі болып табылады. Ағылшын тілінен қабілетті жоғары оқушыларды қолдау, оларды болашақ табысқа дайындау - ұстаздардың негізгі міндеттерінің бірі. Бұл мақаламда өз тәжірибемдегі дарынды оқушылардың әлеуетін дамытуға арналған тиімді әдіс - тәсілдерді таныстырамын.
1.Бақылау кезеңі: Қызығушылықтарды анықтау және бағдарлау
Дарынды оқушылардың қабілеттерін ашу жұмысы бақылау кезеңінен басталады. Бұл кезеңде:
1. Қызығушылықтар мен қабілеттерді анықтау - сауалнама, шығармашылық тапсырмалар арқылыжүзеге асады.
2. «Chocolate wrapper» әдісі - білім деңгейі мен креативтілікті анықтауға бағытталған.
3. «Kinder surprise» әдісі - жылдам оқу, жоғары естесақтау, жазылым қабілеттерін бағалауды қамтиды.
4. «Free lunch» әдісі - жан - жақты ізденіс, цифрлыққұралдарды қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшінқолданылады.
«Өзіндік оқу бағдарламасын» құру кезеңі:
Оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы үшіноларды өз оқу бағдарламасын құруға ынталандыру қажет. Бұл:
• Оқушылардың қызығушылығын арттыратынтақырыптарды таңдау.
• Нақты проблемаларды шешуге бағытталған жобалармен тапсырмалар әзірлеуді қамтиды.
• «Tea time» әдісі арқылы оқушылар өзара пікіралмасып, жаңа идеялар ұсына алады.
Жетілдіру кезеңі: Әдіс - тәсілдер қолдану
Дарынды оқушылардың білімдерін шыңдау үшін түрліәдістер ұсынылады:
1. Cheat #1: Топ мүшелері тек ағылшын тілін қолдануарқылы қарым - қатынас жасауға бағытталады.
2. Cheat #2: «Hot words» әдісі - зат есімдер, сын есімдер, етістіктер арқылы сөздік қорды байыту.
3. Cheat #3: «Mix words» әдісі - екі тілді сөздердібіріктіру арқылы сөйлем құру.
4. Cheat #4: «Emoji cool» әдісі - таңбалар арқылы оқужәне жазу қабілетін дамыту.
5. Cheat #5: «Way to success» әдісі - QR кодтарментапсырмалар орындау арқылы оқушылардың уақытытиімді пайдаланылады.
Қорытынды және нәтиже:
Қорытындысында оқушылардың жеке портфолиосыжинақталып, нәтижелер талданады. Жетістіктерібойынша кеңестер беріледі. Мұндай тәсілдер арқылыоқушылардың білім деңгейі мен шығармашылыққабілеттері артып, оларды болашақ табысқа дайындауғаүлкен мүмкіндік беріледі.
Бұл жүйелі әдістер дарынды оқушылардың оқупроцесіндегі табыстылығын арттыруға бағытталғанкешенді жұмыс болып табылады.
Осы әдістемем арқылы қол жеткізген шәкірттерімнің төмендегідей жетістіктерін ұсынамын:
Өзі туралы мәлімет:
1.Тегі, аты, әкесінің аты: Анесова Шынар Тлегеновна
(Анесова Шынар Тілегенқызы)
2.Лауазымы, жұмысы, қызмет орны: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Туған жылы мен туған жері: 21 қыркүйек 1963жыл,Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкин селолық округі
4. Ұлты: Қазақ
5. Білімі: Жоғары, 1985 жыл Алматы шет тілдер институты - ағылшын, француз тілдері пән мұғалімі
6. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:
- Атырау облысының «Өрлеу ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Құрмет грамотасы - 2022 жыл,
- Атырау облысы кәсіподақ ұйымның “Алғыс хаты” - 2022 жыл,
- Атырау облысы кәсіподақ ұйымының “Алғыс хаты” - 2024 жыл,
- Атырау облысы Білім беру басқармасының «Құрмет Грамотасы» - 2025 жыл
7. Жарияланған мақалалар:
- Республикалық ғылыми - педагогикалық әдістемелік “DIDAKTIKA” журналы, 2022 жыл,
- Халықаралық “BILIM BAQ” ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы, 2024 жыл
8. Мекен жайы: Құрманғазы ауданы Теңіз ауылы, Достық көшесі,3/2
9. Жалпы жұмыс өтілі: 40 жыл
Шәкірттерімнің жетістіктері:
1. Икрам Ақжарқын - ағылшын тілі пәнінен аудандық олимпиада II - орын, 2018 жыл
2. Ғаділ Эльназ - ағылшын тілі пәнінен аудандық олимпиада ІІ - орын, 2019 жыл
3. Әлімжан Ақерке - аудандық олимпиада ІІ - орын, 2020жыл
4. Икрам Ақжарқын - аудандық олимпиада II - орын,2020 жыл
5. Икрам Ақжарқын - аудандық олимпиада II - орын,2021 жыл
6. Баймуханова Бөтагөз - ағылшын тілі пәнінен аудандық олимпиада II - орын, 2022 жыл
7. Ексанова Жайна - аудандық олимпиада II - орын, 2022жыл
8. Икрам Ақжарқын - аудандық олимпиада I орын, 2023жыл
9. Ексанова Жайна - аудандық олимпиада ІІ орын, 2023 жыл
10. Әлімжан Ақерке - аудандық олимпиада “Алғыс хат”, 2024 жыл
11. Икрам Ақжарқын - Республикалық Ауыл олимпиадасының олимпиада облыстық кезеңінен - I орын, Республикалық кезеңнен Диплом, 2024 жыл.